Энергетика министрлігінде GE компаниясымен келіссөздер жүргізілді

    Энергия 21 Oktabr 2022 967

    Энергетика министрлігінде GE компаниясының Ресей мен ТМД елдеріндегі президенті Бела Ференсимен келіссөздер жүргізілді.

    Кездесуде жұмыс істеп тұрған жылу электр станцияларының сервистік экономикасын дамыту саласындағы ынтымақтастық жасау мүмкіндіктері талқыланды.

    Сонымен қатар, барлық қондырғыларды жөндеуде және техникалық қызмет көрсетуде GE компаниясының жоғары білікті мамандарының басшылығында кадрларды даярлау мәселесі де айтылды.

    Кездесу соңында қарастырылған бағыттар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.