Бұл орталық жақында жеңілдетілген шетелдік несиемен қайта жөндеуден өтіп, Қытайда өндірілген 3 энергия үнемдейтін қазандық орнатылды. 28 шақырым жылу құбыры тартылып, 373 жеке жылу пункті құрылды. Сондай-ақ, 2 мың киловатт трансформатор орнатылып, жоғары вольтты электр желісі тартылды.
Нәтижесінде қаладағы 271 көпқабатты тұрғын үй мен 30 әлеуметтік нысан орталықтандырылған ыстық су және жылумен қамтылады. Бұл ретте бір жылда 16 миллион текше метр көгілдір отын мен 2 миллион киловатттан астам электр энергиясы үнемделеді.
Осы жерде 2024-2026 жылдарға арналған келесі жобалар туралы ақпарат берілді. Оған сәйкес, Әндіжан қаласында тағы 5 қазандықты қайта жаңғырту, 33 шақырымдық жылу желілерін тарту және 114 көпқабатты үйдің ішкі жылу жүйелерін жаңарту жоспарлануда.
Мемлекет басшысы бұл жобаларды жеделдетіп, халықты тұрақты жылумен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.