Шараны Өзбекстан Республикасы Инновациялық даму министрінің орынбасары Шахло Турдиқулова ашты.

Конференцияда энерготиімділік, аз көміртексіз технологиялар, қайта тіктелетін және сутегі энергетикасы саласында әлемнің жетекші орындарына ие болған Mitsubishi Heavy Industries (Жапония), AplusS Consult (Германия), Clean Horizon (Франция), Phosphoris (Франция), Дүниежүзілік банк, USAID (АҚШ),  JICA (Жапония), Северсталь (Ресей), Энергетика және инфрақұрылым министрлігінің өкілеттігінің өкілі (Chief Innovation officer) (Біріккен Араб Әмірліктері) және тағы басқа ұйымдардың мамандары тарапынан энергия тиімділік, “жасыл” сутегі энергиясы, экологиялық қауіпсіздік қайта тіктелетін энергия көздері тақырыбында тұсаукесерлер өткізіледі.

Сондай-ақ, Инновациялық даму министрлігі Желілік кәсіпорындарда инновациялық экожүйені дамыту басқармасының басшысы Санжар Бердиев, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Материалтану институтының директоры Одилхожа Парпиев және республикамызда осы салада жоғары тәжірибелі ғалымдарымыз Өзбекстан Республикасындағы сутегі энергетикасының даму жағдайы бойынша тұсаукесермен қатысты.

- Қазіргі таңда «жасыл» сутегі технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту үстем бағыттардың бірі болып табылады, - деді Инновациялық даму министрінің орынбасары Шахло Турдикулова. — Елімізде 2030 жылға қарай жалпы қуаттылығы 5000 МВт және 3000 МВт болатын күн және жел электр станцияларын іске қосу жоспарлануда және олардың үлесі өндірістік станциялардың жалпы белгіленген қуаттылығының 25 пайызынан астамын құрайды. Айнымалы өндірістік қуат үлесінің мұндай артуы елдің электр энергетикалық жүйесіне интеграциялану, энергияны сақтаудың сутегі технологияларын құру және қолдану үшін белгілі шарттарды қажет етеді.

Бұл шараға Жапония, АҚШ, Германия, Франция елдерінен спикерлер және Дүниежүзілік банктің  халықаралық ұйымының сарапшылары энергия тиімділігі, көміртегісіз энергия, «жасыл» сутегі энергиясы және қайта тіктелетін энергия көздері туралы баяндамаларымен қатысты.

Конференция аясында жергілікті шикізаттан көміртекті талшықтар алу үшін үлкен күн пешінің энергиясын пайдаланып эксперименттер ұйымдастыру және үлгілерін жасау, энергия сақтаудың гидроаккумуляциялық технологияларын құруда Жапония тәжірибесін қолдану, Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп төмен көміртекті және «жасыл» сутегі технологияларын дамыту жөніндегі іс-шараларды даярлауда, оның техникалық-экономикалық тиімділігін есептеуде Францияның граниті  «Phospnoris»  компаниясын тарту, Жапонияның Mitsubishi Heavy Industries компаниясының сарапшыларымен ынтымақтастықта Қаршы магистральдық сорғы станциялары каскадтағы жиілікті өзгерткішті пайдалану арқылы энергиятиімділігін арттыру жобасын іске асыру бойынша,  төмен көміртегі мен сутегі энергетикасы саласында Mitsubishi Heavy Industries компаниясының технологиялық шешімдері бойынша ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша жұмысшы топ қалыптастыруға келісіп алды, деп хабарлайды Инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.