Бұл туралы Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы — IRIB хабарлады.
Шабуыл салдарынан Американың Palm Jet ұшағы атып түсірілді және ұшу-қону жолағына зақым келді.
Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИИҚК) баспасөз қызметінің мәліметінше, базаға үш камикадзе-дроны шабуыл жасаған.
Еске сала кетейік, Иран 28 ақпан күні Израиль мен АҚШ-тың соққыларына жауап ретінде “Шынайы уәде 4” операциясын бастаған еді. Тек Израиль ғана емес, сондай-ақ Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Катар және Иордания секілді АҚШ әскери нысандары орналасқан аймақтағы елдер де Иранның зымыран соққыларына ұшырады, деп хабарлады report.az.