Ташкент қаласында ауа райы аздап бұлтты болады, уақыты-уақытымен құбылмалы болып, түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20°, күндіз 30-32° ыстық болады.
Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысында ауа райы шамалы бұлтты болады, кей жерлерде құбылмалы болып, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң басуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 13-18°, күндіз 25-30° ыстық болады.
Бұхара, Науаи облыстарында ауа райы аздап бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң басуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 15-20°, күндіз 30-35° ыстық болады.
Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстарында ауа райы аздап бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде 13-18°, күндіз 27-32° ыстық болады.
Қашқадария, Сұрхандария облыстарында ауа райы аздап бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20°, күндіз 32-37° ыстық болады.
Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында ауа райы аздап бұлтты болады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде 10-15°, күндіз 27-32° ыстық болады.