ETДБ «Uzbekistan Airports»қа арнайы техника паркін жаңартуға көмектеседі

    Еуропа тіктелу және даму банкі (ЕТДБ) “Uzbekistan Airports” АҚ-ға Өзбекстанның халықаралық әуежайларындағы әуежай техникасын жаңғырту үшін 28 миллион еуроға дейін ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады.

    Еуропа тіктелу және даму банкінің Самарқант қаласында өткен жылдық форумында тараптар бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді нығайтты. Форум аясында «Uzbekistan Airports» АҚ басқару төрағасы Раъно Жураева мен Еуроазия бойынша инфрақұрылым департаментінің директоры Екатерина Мирошник мандат хаттарымен алмасты.

    «Банк қаржылары есебінен жолаушыларды таситын автобустар, жүк тасығыш техникалары, ленталы жүк жеткізушілер, ұшақ буксирлері, ұшақтарды сумен толтыру және дәретхана бөлімдеріне қызмет көрсететін арнайы автокөліктер, амбулаториялық автолифттер, тазартқыштар, мұзды кетіретін тазалағыш машиналар және т.б. сатып алынады.

    Алдын ала есеп-қисап болжамы бойынша, ЕТДБ қаржыландыру есебінен 76 дана жаңа әуежайдың арнайы техникасы сатып алынады», — деді «Uzbekistan Airports» АҚ басқару төрағасы Раъно Жураева.

    Сонымен қатар, ETДБ пен «Uzbekistan Airports» арасында 1 миллион еуродан астам гранттық қаржы бөлу бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Мұның бір бөлігі Uzbekistan Airports және оның құрамдық бөлімдерінің қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін халықаралық консалтингтік компанияны тартуды көздеп отыр.

    Бір қызығы, бұл Өзбекстанда, қаржыландыру мемлекеттік үкімет тарапынан мемлекет кепілдігісіз жүзеге асырылатын мемлекеттік компаниямен ынтымақтастықтың бірінші үлгісі болады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates