1 ноябрьде қонақтар Еуропа Одағы,Әділет минитрлігі жанындағы Мемлекеттік қызметтер агенттігі және БҰҰ Даму бағдарламасының Ташкенттегі тұрақты өкілеттігі жүзеге асырып жатқан «Өзбекстанның ауылдық жерлерінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсарту және басқаруды жетілдіру» бірлескен жобасы аясында СҰрхандария облысында атқарылып жатқан жұмыстарға арналған іс-шараға қатысты.
Сапар барысында делегация облыс әкімі Т.Боболовпен кездесті. Кездесу барысында Т.Боболов облыстың экономикалық, әлеуметтік, географиялық мүмкіндіктері мен нақты инвестициялық ерекшеліктеріне, көрші Ауғанстанмен белсенді ынтымақтастыққа тоқталды.
Сондай-ақ тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша пікір алмасып, ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Сапар барысында қонақтар «Тұрақты өмір» беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымында, Ауғанстан азаматтарын оқыту орталығында және басқа да кәсіпорындарда болып, олардың қызметімен танысты, деп хабарлайды Сұрхандария облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.