Сұхбатта тараптарды қызықтырған салалардағы Өзбекстан-Еуропа ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Саяси диалогты жандандыру, парламентаралық байланыстарды дамыту, Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісім бойынша келіссөздер үдерісін жеделдету, қауіпсіздік саласындағы іс-әрекеттерді үйлестіру, сондай-ақ аймақаралық байланыстарды кеңейту маңызды екені атап өтілді.

 «Өзбекстан – Еуропа Одағы» және «Еуропа Одағы – Орталық Азия» форматтарында алдағы  болатын іс-шаралар кестесі туралы пікір алмасты.

Ауғанстандағы қазіргі жағдай мен оның аймақтық қауіпсіздікке ықпалына ерекше назар аударылды. Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуде әлемдік қауымдастықтың іс-әрекеттерін  біріктіру қажеттігі туралы жалпы пікір білдірілді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.