Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы: Өзбекстандағы адам құқықтарын қорғау жүйесі жоғары деңгейде

    Үстіміздегі жылдың 5 октябрінде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес Ұлттық комиссияның төрайымы Т.Нарбаеваның елімізге іссапармен келген ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес бойынша арнайы өкіл В.Ричи басшылығындағы делегациясымен кездесуі өтті.

    Кездесуде соңғы жылдары Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасында қалыптасқан ашық және сенімді диалог пен өзара тиімді салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің іс жүзіндік сипаттары талқыланды.

    Т.Нарбаева елімізде соңғы жылдары адам саудасына қарсы күресте жүйелі реформалар жүзеге асырылғанын, Ұлттық комиссияның қызметінде бұл індетке қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізілгенін, саладағы бар проблемаларды жою бойынша халықаралық ұйымдар, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

    ЕҚЫҰ делегациясына Өзбекстанда адам құқықтары жүйесін жетілдіру, балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес, лайықты еңбек қағидаттарын жүзеге асыру, адам саудасына қарсы күрес бойынша жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды реформалар туралы мәлімет берілді.

    В.Ричи Өзбекстандағы адам құқықтарын қорғау жүйесі жоғары деңгейде екенін және Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформалар халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып отырғанын тілге тиек етті.

    В.Ричи Өзбекстанда адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады және өзбек тарапының парламент, үкімет және азаматтық қоғам институттарының практикалық ынтымақтастығын нығайту қажеттігі туралы бастамасын толық қолдап-қуаттады.

    Өз кезегінде, ЕҚЫҰ аясында мемлекеттердің адам саудасына қарсы күреске жауапты мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдар, парламент және үкімет өкілдеріне Өзбекстанның бұл практикалық ұсынысын орындау және осы ынтымақтастықты орнату үшін ЕҚЫҰ тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілуі айтылды.

    Кездесу соңында тараптар адам саудасына қарсы күрес туралы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірқатар мәселелерде пікір алмасып, келісіп алды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates