Халыққа 170-ке жуық мемлекеттік қызмет көрсететін жүйе үнемі жаңа қызметтермен толықтырылып отырады.

Бір қызығы, «Сүйінші ақша» ата-анасының біріне пластик карта арқылы аударылады, азаматтарға пластик карта түрінде кадастрлық төлқұжат беріледі, 2022-ден бастап ID-карталар, яғни төлқұжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге немесе жоюға болады. Өйткені мұндай жаңалықтар азаматтарға қолайлылық туғызып, құқықтық санасын арттырады.

Ағымдағы жылдың 11 айында облыста тұрғындар мен кәсіпкерлерге 1 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Қазіргі таңда 19 аудандық (қалалық) Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа 160-тан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Биылғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орталықтар 963 446 қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, 23 505 жаңа кәсіпкерлік нысаны тіркелді. Оның 14036-сы жеке, 9559-ы заңды тұлғалар.

Биылғы жылдың өзінде шетелдік инвестицияның қатысуымен 54 кәсіпорын тіркелді.

Сондай-ақ, аудандық (қалалық) Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен жылжымалы негізде 42 259 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 11 филиал арқылы 45 527 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2021 жылдың 11 айында жеке және заңды тұлғаларға 494 мың 089 тегін мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу, кадастрлық төлқұжаттарды қалыптастыру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге өтініштер, балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау, құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға беру, 20 киловаттан аспайтын электр желілеріне қосу бойынша өтініштер көп.

Өкінішке орай, атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарға қарамастан, серіктес мемлекеттік органдар мен басқа да құзырлы органдар тарапынан жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуде көптеген заң бұзушылықтарға жол берілетіні анықталды. Ағымдағы жылдың 11 айында жалпы 5765 заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, кадастр, сәулет және құрылыс, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы нормативтік құжаттардың талаптарын сақтамау жағдайлары атап өтілді. Осыған байланысты аталған мекемелерге 37 ұсыныс, 321 ескерту жасалып, 205 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды  Мемлекеттік қызмет көрсету агенттігінің Ферғана облыстық департаментінің баспасөз қызметі.