Жылдан жылға фермерлік шаруашылықтардың ел экономикасындағы рөлі артып келеді. Атап айтқанда, еліміздегі еңбекке жарамды халықтың 25 пайызы осы саламен айналысады. Фермерлер өсірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80-нен астам түрі әлемнің 66 еліне экспортталады.

Бұл ретте фермерлік шаруашылықтар қызметінің құқықтық кепілдігін  қамтамасыз етуде бірқатар мәселелер мен кемшіліктердің бар екені айтылды.

Атап айтқанда, бүгінгі таңда фермерлік шаруашылықтар қызметіне қатысты статистикалық мәліметтерді қалыптастыруда бірыңғай тәжірибенің жоқтығы, онға жақын мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан статистикалық мәліметтер  жүргізіліп жатқандықтан фермер шаруашылықтарының саны, оларға бөлінген жер алаңдары мен басқа статистикалық мәліметтер арасында айырмашылықтар бар екені айтылды.

Бұл өз кезегінде, фермерлік шаруашылықтар бойынша нақты деректерді қалыптастыруға, олардың қызметіндегі өзекті мәселелерді дұрыс талдауға мүмкіндік бермейді.

Фермерлік шаруашылықтармен сақтандыру шарттарын электронды түрде тіркеу мүмкін емес, сақтандыру жағдайы туындаған кезде қапталуы қажет болған сақтандыру сомасын  белгілеуде орташа өнімділік көрсеткішін қалыптастарудың  бірыңғай тәжірибесі мен әдістемесі жасалмаған.

Сондай-ақ фермерлердің несиелік кепілдігі ретінде жерге болған құқықтарын пайдалану механизмінің жоқтығынан фермерлердің инвестициялық белсенділігі төмендеуде.

Сондықтан жерге болған меншік құқығымен қарым-қатынасты одан әрі жетілдіріп, жер қатынастарын нақты базар қатынастары деңгейіне жеткізу қажет екендігі айтылды.

Талқылау соңында Сенаттың тиісті қаулысы қабылданды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.