Парсы шығанағы аймағындағы ірі әуе компаниясымен байланыс орнатылады

    Көлік 27 Oktabr 2022 1388

    Өзбекстан елшілігінде “Jazeera Airways” әуе компаниясының Омандағы өкілдері Марал Торкгашгай және Шайн Томаспен кездесу өтті.

    Онда елімізге келетін шетелдік туристер санын арттыру, Оман мен Парсы шығанағы аймағы базарларына Өзбекстанда шығарылатын өнімдерді экспорттау аясын кеңейту мәселелері талқыланды.

    Еліміздің туристік әлеуеті, Өзбекстан әуежайларында шетелдік авиатасымалдаушылар үшін жасалған қолайлылықтар туралы толық мағлұмат берілді.

    Атап айтқанда, “Jazeera Airways” авиакомпаниясы өкілдеріне Самарқантта іске қосылған жаңа халықаралық әуежай және ағымдағы жылдың 1октябрінен бастап «Ашық аспан» режимінің енгізілгені туралы хабарлады.

    “Jazeera Airways” авиакомпаниясының өкілдері Өзбекстан тарапымен ынтымақтастықты дамыту екі тарап үшін де тиімді болатынын атап өтті.

    – Қазіргі уақытта әуе компания туристер үшін арзан әрі қолайлы рейстерді ұсынып отыр. Алдағы уақытта рейстер мен бағыттарды одан әрі кеңейту жоспары үйренілуде, — деді Марал Торкгашгаи. — Осыған байланысты Өзбекстан базары маңызды бағыт ретінде қарастырылады.

    Тараптар талқыланған мәселелер бойынша қарым-қатынасты одан әрі дамытып, тиісті ұйымдармен кездесулер ұйымдастыруға келісті, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates