Кездесуге Мәдениет және туризм министрлігінің жауапты қызметкерлері және Францияның Туризм саласындағы кәсіби мамандарды даярлау ұйымының (CFET) бас хатшысы Анне Массикот Керлок, Францияның Туризмді дамыту институтының (IFDT) басшысы – Винсент Фаяль, Францияның Туризм бойынша ғылыми-зерттеу және жоғары оқу орындары институтының өкілі – Жан Мишель Шапю және Францияның «Y SCHOOLS» жоғары оқу орнының халықаралық байланыстар жөніндегі директоры – Антуан Гилм қатысты.
Келіссөздер барысында Францияның Ducasse мектебі және «Жібек жолы» туризм және мәдени мұра халықаралық университетінің Самарқант облысы мен Ташкент қаласындағы туризм техникумдары мен мейрамхана бизнесі және аспаздық бағыты бойынша кадрларды даярлау мәселесінде ынтымақтастық орнатуды талқыланды.
Сондай-ақ, Францияның Туризм саласындағы мамандарды даярлау ұйымымен (CFET) ынтымақтастықта 2023-2024 оқу жылынан бастап туризм саласында магистратурада білім алу үшін өзбекстандық студенттерге арнайы квоталар бөлу, студенттер мен педагогтарға өзара тағылымнамаларды ұйымдастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.