ФДА-мен кеңесулер- конструктивті ынтымақтастықты дамытуға бағытталған

    Үстіміздегі жылдың 31 январьда Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Францияның Даму Агенттігі (ФТА) арасындағы IV – Жылдық кеңесулерлері өтті.

    «International Hotel Tashkent» қонақүйінде өткен кеңесулер Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Франция Даму Агенттігі (ФТА) арасындағы ФДА көмегімен жүзеге асырылған біріккен жобалардың орындалуын талқылау және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге қаратылған болашағы бар бастамаларды белгілеп алға арналды.

    Шараға Францияның Даму Агенттігінің, Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Францияның «Expertise France» халықаралық техникалық сараптама агенттігінің, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының тиісті министрліктері, кеңселері және салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

    Жиын барысында айтылғанындай, 25-27 январь күндері өткен техникалық кеңестердің бірінші басқышында Өзбекстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, жасыл экономиканы дамыту, шаруашылық және тұрғындардың денсаулығын қорғау бағыттарында жүзеге асырылып жатқан 814 миллион еуроны құрайтын 9 ФДА жобалаларының қазіргі жағдайы талқыланды. Кездесулер соңында 2023 жылға арналған жобаларды жүзеге асыру аясында бірқатар іс-шараларды көздейтін «Жол картасы» әзірленді.

    Сондай-ақ кеңесулер барысында ФДА қызметі, оның 2022 жылғы негізгі жетістіктері және 2023 жылы Өзбекстанда жүзеге асырылуы жоспарланған болашағы бар жобалардың тұсаукесерлері өтті. Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасы Президенти Ш.М.Мирзияевтың өткен жылдың ноябрь айында Францияға мемлекеттік сапары ФДА және Өзбекстан Республикасының тиісті министрліктері мен кеңселері арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға күшті түрткі болды.

    Шара соңында екі делегация өкілдері энергетика, «жасыл» экономика, қалаларды дамыту , суды пайдалану және тұрақты қаржыландыру салаларындағы біріккен жобалар аясында ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда мнитрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates