Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша таныстырылымға қатысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 10 мамыр күні ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу, жерді тиімді пайдалану және саланы ғылыми тұрғыдан дамытуға бағытталған ұсыныстардың таныстырылымымен танысты.

    Өзбекстанда 3 млн гектар жайылымдық және егістік жер деградацияға ұшыраған, 2 млн гектар жуық жер әртүрлі дәрежеде тұзданған. Шетелдік сарапшылар климаттың өзгеруіне байланысты 2030 жылға қарай өңіріміздегі су ресурстары шамамен 6 пайызға азаяды деп отыр. Ол үшін қазірден шара қолдану қажет.

    Сондықтан ауыл шаруашылығында климаттың өзгеруіне бейімделу және сектордың климатқа кері әсерін азайту бойынша 52 тармақтан тұратын ұлттық бағдарлама әзірленді. Бағдарлама аясындағы шараларға 294 миллион доллардан астам гранттар тартылады деп күтілуде.

    Атап айтқанда, Арал өңірінде 1 миллион гектар агроэкологиялық ландшафттар мен бұзылған жайылымдардың жағдайы жақсарады. Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхара және Қашқадария облыстарында қоршаулар орнатылады. Суы мол жерлерде қызылмия, наматак, күнжіт, артемия өсіру қолға алынбақ.

    Климаттың өзгеруін талдау және болжау орталығы құрылып, 5 өңірде агрометеорологиялық станциялар құрылады. Сондай-ақ, Италиямен бірлесе отырып, интенсивті тұқым шаруашылығы және көшет өндірісінің халықаралық орталығы, тұздануға және сусыздануға төзімді дақылдардың тұқым шаруашылығы құрылады.

    Суды үнемдеу мәселесі әсіресе, Амударияның төменгі аймағында өзекті. Сондықтан тағы бір құжат бойынша Қарақалпақстанда жерді лазермен тегістеу қаражатына субсидия бөлу көзделуде. Яғни, мақта, астық және күріш өсірушілер лазермен тегістелетін жердің әрбір гектарына жанар-жағармай құнын 100 пайызға дейін жабу үшін Мемлекеттік бюджеттен субсидия алатын болады.

    Бірінші кезеңде Төрткөл, Беруни және Амудария аудандарында жүзеге асырылады. Мұндай жерлерде өнімділік орта есеппен 5-7 центнерге артып, су шығыны 15-20 пайызға үнемделеді.

    Академик М.Мирзаев атындағы бау-бақша, жүзім және шарап шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жер телімдерін тиімді пайдалану жоспарлары да баяндалды.

    Атап айтқанда, институтқа қарасты «Бандихон» ғылыми-тәжірибелік станциясындағы 142 гектар жер қайта пайдалануға берілмек. 300 гектар алқапқа заманауи су үнемдеу технологиялары орнатылып, экспортқа жеміс-жидек пен жүзім алқаптары пайда болады.

    Қызылтөбе ауданындағы «Науаи» ғылыми-тәжірибе станциясында жүзім өсіру бойынша тәжірибелік шаруашылық құрылып, Францияның және басқа елдердің экспортқа шығарылатын сорттарының көшеттері әкелінеді. Сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін екі станцияға да энергия үнемдейтін сорғы қондырғысы мен трансформатор орнатылады.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сабақтастығында жылыжайдың алатын орны ерекше. Соңғы жылдары олардың ауданы 2,6 есеге, ал өнім көлемі 3 еседен астамға артты. Бұл желіде 80 мың азамат тұрақты және 70 мыңы маусымдық жұмыспен қамтылған.

    Жылыжай шаруашылықтарының тиімділігін арттыру мақсатында шетелден білікті агроном, энтомолог және зертхана мамандарын тартуға кететін шығындардың 50 пайызын, көмір қазандығын сатып алу шығындарының 20 пайызға дейінін жабу ұсынылып отыр.

    Мемлекет басшысы саланы ғылыми тұрғыдан дамытуды қашанда талап етіп отырады. Осы мақсатта талшықты дақылдар ғылыми-зерттеу институтының қызметін ұйымдастыру туралы ұсыныс жасалды.

    Институтта жаңа бағытта талшықты дақылдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жолға қойылмақ. Желіге ғылыми нәтижелерге негізделген жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізіледі. Ғылым мен өндіріс тиімді байланысып, мақта-тоқыма кәсіпорындарының табыстылығы артады. Мақта, кенеп және зығыр шикізатынан алынған өнімдердің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

    Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарды жетілдіріп, олардың тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates