Ауыл шаруашылығында жерден тиімді пайдалану артады

    Агросектор 31 Mart 2025 2389

    «Ауыл шаруашылығында жерден пайдалану тиімділігін арттыру және өнім көлемін ұлғайту бойынша қосымша іс-шаралар туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-131-санды, 28.03.2025 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, барлық түрдегі ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жалға беруде 2025 жылдың 11 мартынан бастап төмендегі тәртіптер енгізіледі.

    электрондық онлайн-аукцион саудасын өткізу туралы хабарламаны жариялау мерзімі 15 күннен 5 күнге дейін, қайталама саудалар — 5 күннен 1 күнге дейін қысқартылады;

    қайталама саудаларда тек бір өтініш берушіден өтінім түскен жағдайда, оған осы аукционда жарияланған баға бойынша лотты ерікті түрде сатып алу ұсынылады;

    әрбір қайталанатын сату кезінде лот бағасы бастапқы бағаның 10%-дан 20%-ға дейін түскеніне қарап төмендетіледі.

    2025 жылдың 1 апрелінен бастап аукциондарда жер учаскелерін жалға беру құқығын алу үшін төлемдерді бөліп төлеу және төлем толық төленген кезде жеңілдік беру тәртібі жойылады, осы төлемдер 15 жұмыс күні ішінде толық төленуі шарт екені белгіленді.

    2025-2026 жылдары аукционға шығарылатын ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы алаңының орта есеппен 10-20 пайызы шаруагерлер үшін азықтық егіндер егу шартымен саудаға шығарылады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates