Гемодиализ қызметі жолға қойылған аудандардың саны 23-ке жетті

    Денсаулық 15 Avgust 2022 3397

    Соңғы жылдарға дейін бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар көптеген қиындықтар мен әурегершілікке тап болды. Сондай-ақ, гемодиализ және нефрологиялық қызмет көрсету сапасы мүлде талапқа сай емес еді.

    Бұл дертке шалдыққандар қажетті медициналық қызметпен тиісті деңгейде қамтылмаған еді.

    Сондай-ақ, бұл ем алуға мұқтаж науқастар облыс орталығына 100-200 шақырым жол жүруге мәжбүр болды.

    Президенттің осы салаға көңіл бөлуінің арқасында соңғы 6 жылда гемодиализ қызметінің сапасы түбегейлі өзгерді. Нәтижесінде 2016 жылы жұмыс істейтін гемодиализ қызметін көрсететін бөлімшелердің саны 29-дан 65-ке дейін ұлғайтылды. Гемодиализ аппараттарының саны 240-тан 690-ға дейін өсті.

    2016 жылы облыс орталықтарынан бөлек бұл қызмет еліміздің 2 ауданында ғана қолжетімді болса, 2022 жылға қарай 23 ауданда іске қосылды.

    Сондай-ақ, Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм облысында және Ташкент қаласында 1100 науқасқа гемодиализ қызметін көрсету мақсатында үнділік «Nephrocare Health Services Central Asia» компаниясымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

    Соған сәйкес, үстіміздегі жылдың апрель айында Нөкіс қаласында 150 науқасқа қызмет көрсететін жаңа гемодиализ емханасы іске қосылды.

    Жуырда Хорезм облысының Үргеніш және Боғот аудандарында 250 науқасқа қызмет көрсететін гемодиализ клиникалалары жұмысын бастады. Сентябрь айынан бастап Ташкент қаласында 700 науқасқа қызмет көрсететін мұндай мекеме іске қосылады.

    Демек, тұрақты гемодиализ алатын 4 456 науқас дәрі-дәрмектің қосымша 5 түрімен (гепарин, эритропоэтин, темір препараттары, В және С тобындағы дәрумендер) тегін қамтамасыз етілуде.

    Гемодиализ қызметін дамыту мақсатында Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 8 есеге дейін өсті. Яғни, 2016 жылы бұл салаға 18 миллиард сум бөлінсе, 2022 жылы бөлінген қаржы көлемі 145 миллиард сумға жетті.

    Алдағы уақытта облыс орталығынан 50-100 шақырым қашықтықта орналасқан барлығы 51 аудан (қазіргі уақытта 23) осы жылдың соңына дейін гемодиализ қызметімен қамтылып, 528 науқас осы аумақта ем қабылдай алады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates