Гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясының жүзеге асырылуы зерделенді

    Ел назарында 13 Sentabr 2023 1493

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты Кеңесінің кезектегі мәжлісі өтті.

    Кеңес мүшелері Өзбекстан Республикасында 2030 жылға қарай гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясын 2023 жылғы жүзеге асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар бағдарламасының орындалуын талқылады.

    Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында аталған Бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілгені айтылды.

    Атап өткендей, әйелдердің саяси және әлеуметтік белсенділікті арттыру, оларды басшылық лауазымдарға дайындау, ғылым-білімді дамыту, әйелдердің біліктілігін арттыру мақсатында әйел ғалымдардың қатысуымен «PhD қарай қадам» тақырыбында оқыту курсы, «Болашақ: ғылыми қыздар қауымдастығы» білім алмасу бағдарламасы іске қосылды.

    Адам құқықтары мен гендер теңдік мәселелері бойынша басшы кадрларды қайта даярлау және олардың кәсіби әлеуетін нығайту бойынша оқу курстары енгізілген.

    Әйелдерді оңалту және бейімдеу орталықтарының еңбек ұжымдарында зорлық-зомбылық түрлері мен олардың алдын алу туралы

    қысқа мерзімді семинар-тренинг ұйымдастырылып, 2 мыңнан астам қатысушы қамтылды.

    Мәжілісте сенаторлар тарапынан Гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясы аясында белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудегі кемшіліктер сыни талқыланды.

    Атап айтқанда, зорлық-зомбылық жасаған тұлғалардың мінез-құлқын өзгертуге бағытталған оңалту шараларын қамтитын арнайы бағдарламаны әзірлеу тапсырмасының әлі аяқталмағаны айтылды.

    Мемлекет қатысуындағы кәсіпорындардың бақылау кеңесіне кандидаттар үшін жарияланған байқауларға Ұлттық кадр резервіндегі әйел-қыздардың кандидаттарын тартуға айтарлықтай көңіл бөлінбей жатқаны сынға алынды.

    Сондай-ақ сенаторлар мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, аумақтардағы кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі консультативтік-кеңес органдарын құру жұмысын жеделдету қажеттігін атап өтті.

    Кеңеске тиісті мекемелер мен ұйымдарды 2030 жылға дейін Өзбекстан Республикасында гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясын

    2023 жылда жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар бағдарламасы аясында міндеттердің дер кезінде әрі сапалы орындалу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Олй Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Талқылаулардан соң осы мәселелер бойынша Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің тиісті қаулысы қабылданды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates