Аптаның екінші жартысында республика аумағына ылғалды ауа түседі деп күтілуде

    Осы аптаның бірінші жартысында Өзбекстан аумағының басым бөлігінде құрғақ және жылы ауа райы сақталады.

    Тек 24-25 сентябрь күндері Қарақалпақстан Республикасында және 25 сентябрьде Хорезм облысында кей жерлерде аздаған қарқынмен жаңбыр жауады.

    Аптаның екінші жартысында республика аумағына Каспий теңізі аумағынан сәл салқынырақ және салыстырмалы түрде ылғалды ауа кіріп келеді деп күтілуде.

    26-27 сентябрь күндері Ферғана аңғары облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауады. 26 сентябрь күні Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстарының кей жерлерінде аздаған қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.

    Шығыстан соғатын желдің бағыты өзгеріп, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, 24-25 сентябрь солтүстік және шөлейтті аймақтарда, 26 сентябрьде республика бойынша кей жерлерде 13-18 м/с күшеюі мүмкін. Ал, кей жерлерде шаң-тозаң болады.

    Елордамызда: негізінен жаңбырсыз ауа райы сақталады, тек 26 сентябрь аздаған қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.

    Ауа температурасы негізінен түнде 14-17o, 23-25 ​​сентябрь 28-31o, 26-27 сентябрьде 24-27o болады.

    Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады, 25-26 сентябрьде 10-12 м/с күшеюі мүмкін.