Оның айтуынша, шамадан тыс қатты дыбыс салдарынан 140 тауық қырылған, осыған байланысты фермер полицияға шағым жасаған. Бұл туралы жергілікті NDTV хабарлады.

Телеарнаның мәліметіне сәйкес, оқиға Султанпур округінде болған. Той диджеймен бірге штаттағы ауылдардың бірінде өткен. Фермер Собир Али кешкі сағат 21:30 шамасында кортеж оның фермасының жанынан өткен кезде, қатты шудың әсерінен 140 тауықтың жүрегі тоқтап қалғанын мәлімдеді.

«Шу соншалықты қатты болды, тауықтар қорқып өліп кетті», — деп хабарлады NDTV, Алидің полицияға берген мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, бейсенбі күні құқық қорғау органдары диджейге қарсы осы айыптаулар бойынша іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Сол уақыт аралығында рұқсат етілген шу деңгейі асқан-аспағаны және оның құстардың өліміне тікелей әсер еткен-етпегені анықталуда.

Мамандардың пікірінше, жоғары жиілікті дыбыс толқындары құстар мен жануарларда күшті стресс тудыруы мүмкін, көп жағдайда жүрек тоқтауына әкеледі.