Алғашқы кездесулер Өзбекстанның Үндістандағы елшілігінде өтті.

Сұхбатта еліміздегі инвестициялық саясаты, шетелдік инвесторларға жасалып жатқан мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастықты арттыру, тәжірибе алмасу, былғары өнімдерін сату бойынша бірқатар пайдалы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ «Узчармсаноат»  бірлестігі делегациясы былғары кәсіпорындарына қажетті шикізат пен құрал-жабдықтарды өндірумен айналысатын  «Ramsas»  компаниясының басшысымен келіссөз жүргізді.

Үндістандық кәсіпкер кездесу барысында Өзбекстанмен былғары өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жткізді. Үнді компаниясының филиалын елімізде ашу туралы келіссөздер жүргізілді.

Бірлестік делегациясы дәл қазір Агра және Канпур қалаларында үндістандық инвесторлармен де келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.