Аумақтарда 2025 — 2030 жылдары аралығында Жатыр мойны және сүт безі обырын бақылау бағдарламасы жүзеге асырылады — ДСМ

    Мемлекет басшысының «Әйелдер арасындағы онкологиялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру іс-шаралары туралы» қаулысының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ДСМ-ның тиісті бұйрығы қабылданды.

    Осыған орай, 2025 жылдан бастап аудандық (қалалық) көп тармақты орталық емханалар денсаулық сақтау жүйесінде қолайлы штат бірліктері есебінен онкобақылау кабинеттеріне акушер-гинеколог дәрігерлері штаттық бөлімшелері енгізілуде.

    Сондай-ақ мобильді және стационарлық маммографтардың жұмысын 2 ауысымда ұйымдастыру үшін рентген лаборанттары бөлінеді.

    Республикалық мамандандырылған онкология және медициналық радиология ғылыми-практикалық медицина орталығы жанында заңды тұлға мәртебесіне ие болмаған Маммографиялық кескінді оқу орталығын құру жоспарлануда. Аудандық (қалалық) медициналық бірлестіктерде жүргізілетін сүт безі обырын скринингтік тексерудің нәтижелері осы орталықтың бірыңғай ридинг жүйесіне интегрцияланады.

    Биылдан бастап Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығы ғылыми-парктикалық медициналық орталығында адам папилломасы вирусын диагностикалау үшін қолданылатын тест жүйелерінің сапасын бақылау бойынша референсттік зертхананың қызметі іске қосылып жатыр.

    2025 - 2030 жылдары Жатыр мойны және сүт безі обырын бақылау бағдарламасы Денсаулық сақтау министрлігі, Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығының ғылыми-практикалық медицина орталығы, Республикалық мамандандырылған онкология және медициналық радиология ғылыми-практикалық медициналық орталығы тарапынан өзара үйлестіре отырып жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі.

    2025 жылдың 1 майға дейін Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығы ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының аймақтық филиалдарын полимераза тізбекті реакция тексерулерін жүргізу үшін медициналық қондырғылар, аудандық (қалалық) көпсалалы орталық емханаларының онкологиялық бақылау кабинеттерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету де көзделген.

    No date selected
    February 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    Use cursor keys to navigate calendar dates