Аумақтарда тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды

    2022 жылдың 27 апрелінде Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің мәжілісі өтті. Оны Сенат Төрайымы Т.Нарбаева жүргізді.

    Жиналыста Өзбекстан Республикасы Премьер-министр орынбасарларының аумақ және салаларда жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпары тыңдалды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының 2022 жылғы 4 февральда қабылданған № СҚ-478-IV-санды қаулысына сәйкес, аумақтарда жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған істерге жүйелі парламенттік бақылау орнатылғаны айтылды.

    Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы Жұмысбастылық және еңбек қатынастары министрлігі құзырында халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша міндеттердің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында Республикалық штабтың қызметі жолға қойылды.

    Ағымдағы жылдың январь-март айларында халықты жұмыспен қамту, оларды кәсіпкерлік қызметке кеңінен тарту бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

    Атап айтқанда, жұмыссыз және шетелде жұмыс істеп қайтып келген 72,8 мың азамат бос болған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылады.

    Иеленіп қойылған жұмыс орындарына әлеуеттік көмекке мұқтаж 9,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.

    «Темір дәптер», «Әйелдер дәптері» және «Жастар дәптері» аясында 13,2 мың азаматқа 31,6 миллиард сум субсидия бөлініп, өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етілді.

    Махаллаларға бекітілген әкім көмекшілерінің ұсыныстары бойынша 30,7 мың азамат кәсіптік және кәсіпкерлік дағдыларға оқытылды.

    Кейбір сала және аудандарда жаңа жұмыс орындарын ашу мен халықты жұмыспен қамтуда кемшіліктердің бар екені, бар мүмкіндіктердің тиімді пайдаланылмай жатқаны айтылды.

    Атап айтқанда, Сырдария, Сұрхандария және Қашқадария облыстарында жаңа жұмыс орындарын жаратудың болжамды параметрлері және олардың әр ай сайынғы орындалуы халық депутаттарының облыстық, аудандық (қалалық) Кеңестерінің сессияларында талқыланбаған.

    Министрліктер мен кеңселер ұйымдастыратын жаңа жұмыс орындарының мекенді тізімдерін қалыптастыру толық соңына жеткізілмеген.

    Ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелері бойынша электронды аукцион саудалары жеткілікті түрде түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізілмегендіктен, күткен нәтиже бермеген.

    Сырдария, Сұрхандария және Қашқадария облыстарындағы жалпы тамақтану орындарына жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткеніндей, аталмыш салада істейтін жұмысшылардың 55 пайызы бейресми жұмыспен қамтылған. Сондықтан осы сияқты жаңа жұмыс орындары салық органының мәліметтер базасында тіркелмеген.

    Туризм және онымен байланысты қызмет көрсету жобалары аясында ашылған жаңа жұмыс орындары бір уақыттың өзінде аумақтық инвестициялық бағдарлама жобаларында да қайта-қайта көрсетілген.

    Еңбек жәрмеңкелерінде кәсіпорындар мен ұйымдар жеткілікті бос жұмыс орындарымен қатысқанымен, жұмыссыз азаматтарды жәрмеңкелерге тарту, ұсынылған жұмыс орындарына орналастыру бойынша қажетті шаралар жүргізілмеген.

    Сенаторлар аталған кемшіліктерді жойып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды күшейту қажеттігін айтып, бірқатар тапсырмалар берді.

    Мәжілісте қаралған мәселе бойынша Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің тиісті қаулылары қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates