Шара Республикалық мамандандырылған акушерлік және гинекологиялық ғылыми-практикалық медициналық орталық базасында өтті.
Тренингтің ерекшелігі — оның бірінші буыны, яғни емхана, амбулаториялар мамандарына бағытталған.
Онда 9 күн барысында дәрігерлер теориялық білім алады, тағы 4 күн ұстаздық шеберліктерін шыңдады. Енді сертификатталған мамандар өз аймақтарында тренер ретінде курстарға сабақ беру үшін қабылданады.
Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА қолдауымен жүзеге асырылған бұл жоба 1,5 жылға арналған.
Егер бұрындары Республика көлеміндегі орталықтар бастапқы буын мамандарының білімін жетілдірумен аз айналысса да, бүгінде бұл жағдай күрт өзгерді.
Республиканың барлық аймақтарынан 37 жуық жанұялық дәрігерлер мен акушер-гинеколог дәрігерлер тренерлерге арналған тренингтің (ТОТ) алғашқы қатысушылары болды. Олар емханада жұмыс істей жүріп, олар босануға дейінгі істерде көмек көрсетеді.
Дайындалған тренерлердің 2,5 жыл барысында бастапқы медициналық-санитарлық қызметтің 40 мың медицина қызметкерін оқытуды қамту жоспарлануда. Осыған орай, Республикалық акушерлік және гинекологиялық орталықта осы бағытта тренерлерді дайындау үшін алдағы уақытта тренингтер өткізу жоспарлануда.
Болашақ тренерлер антенаталды күту (тууға дейінгі көмек) бойынша ДДСҰ-ның соңғы ұсыныстарға сәйкес ғылыми дәлелдерге негізделген білім алды және дағдыларын арттырады. Бұл жүкті әйел медициналық қызметтердің ұйымдастырылған жүйесінен алатын бүкіл бір медициналық қызметтер жинақталған.
Жақсы ұйымдастырылған антенаталды күтім үдерісінде жүктіліктің, жаңа туылған нәрестенің немесе ананың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін болған жағдайларды өз уақытында анықтау және олардың алдын алу қажет. Сондай-ақ, әйелдің жүктілік пен босануға деген оң көзқарасын қалыптастыруға көмектесуді көздейді.        
Босанғанға дейінгі күтімді орындайтын дәрігерлердің міндетіне жүкті әйелдерге және оларға күтім жасаушыларды оқытуды қамтиды.  
Мамандар түсіну керек, тууғы дейінгі күтімнің кез келген жаңа элементтері мен схемаларын тек ғылыми бағалау негізінде ғана қолдану қажет. Пайдасы дәлелденбеген емдеулер мен әрекеттерді қолданбау, ұсыну қажет емес.
Зерттеулер көрсеткендей, дұрыс ұйымдастырылған, ғылыми дәлелдерге негізделген тууғы дейінгіді күтім ананың да, нәрестенің де денсаулығында пайда болуы мүмкін болған проблемалардың алдын алады.
Республикалық мамандандырылған акушерлік және гинекология ғылыми-практикалық медицина орталығы.