Ташкент, Жызақ және Сырдария қалаларында жұмыс істейтін журналистер мен блогерлер үшін кезекті тренингтер басталды.

    Ел назарында 16 Noyabr 2021 1987

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы еліміздің түкпір-түкпіріндегі журналистер мен блогерлердің біліктілігін арттыруға көмектесуді жалғастырады.

    Кезектегі – үшінші медиа мектеп тренингі Ташкент облысында басталды. Оған Ташкент қаласы мен облысынан, сондай-ақ Жызақ, Сырдария облыстарынан журналистер мен блогерлер қатысуда.

    Үш күн бойы Заманауи журналистиканы дамыту орталығының тренерлері Саида Сулайманова мен Эмиль Фахреевтар мультимедиалық құралдарды пайдалана отырып, көпшілікті авторлық материалға, SMM (social media marketing)-белсенділік пен оның негізгі ұғымдарына, визуализация құралдары, әлеуметтік желілерде парақша жүргізу, инфографикалар жасау және басқа тақырыптар бойынша оқу және практикалық сабақтар жоспарланған.

    Мақсаты – БАҚ өкілдеріне қолдау көрсету, журналистер мен блогерлердің әлеуметтік желілер үшін сапалы және қызықты контент жасауына мүмкіндігін арттыруға, заманауи технологияларды, бағдарламалық жинақтарды пайдалана отырып, деректерді визуализациялау (инфографика дайындауға), әлеуметтік желілер арқылы материалдарды таратуда білім мен дағдыларды арттыру.

    Бобур Бекмуродов, «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы:

    – «Медиа мектеп» жобасы аумақтардағы қоғам белсенділерінің, белсенді азаматтардың, журналистер мен блогерлердің әлеуетін арттыруға қызмет етеді. Мемлекет басшысы сөз бостандығын қамтамасыз ету, еркін де өркендеген қоғам құру – біз таңдаған, артқа қайтпайтын жолымыз екенін көп айтады. Мұның үшін әрине, конструктивті ақпараттық кеңістік қажет. Бұл салаға қатысушылар кәсіби журналистер. Ендеше, ол неғұрлым кең болса, соғұрлым кәсіпқой болса, біз кемелденген қоғам құра аламыз. БАҚ өкілдерінің кез келген ұсынысын тыңдап, бастамаларын қолдауға дайынбыз. Біз сондай-ақ болашақта кәсіби шеберлігіңізді арттыру үшін халықаралық деңгейдегі жаттықтырушыларды тартуды мақсат еткенбіз.

    Ронни Хайне, Конрад Аденауэр атындағы қордың Орталық Азия бойынша аймақтық өкілеттігінің өкілі:

    – Біз соңғы бес жыл ішінде аймақ елдері арасында Өзбекстанда жүргізіліп жатқан жедел реформаларды қолдап келе жатқанымызға қуаныштымыз. Мұнда түрлі мемлекеттік және беймемлеттік ұйымдармен ынтымақтастық жасап келеміз. Ең жақын серіктесіміз «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының «Журналистер мен блогерлердің медиа мектебі» жобасы дәстүрге айналып үлгерді. Кез келген қоғамды дамытушы күш бұл – БАҚ. Жаһандану мен технологиялық даму дәуірінде әлеуметтік желілердің маңызы артып келеді. Адамдар көбірек желілердегі арналар, беттер, блогтар арқылы ақпарат алуда. Бірақ хабарлардың арнасы кең, оның ішінде шын және жалған (фейк) хабарлар да бар. Оларды қарапайым оқушылар ажырата алмауы, жалғанға ерулері мүмкін. Сондықтан да өз арнасы мен блогын ашатын журналистерге үлкен жауапкершілік жүктеледі.

    Ой еркіндігі бұл – қалағаныңды айту емес, жауапкершілікті сезіну. Яғни, хабарды жан-жақты тексеріп, тарату жауапкершілікке жатады. Бүгін тренерлердің көмегімен ақпаратты оқырманға дұрыс жеткізудің интерактивті тәсілдерін меңгересіздер, деп сенеміз.

    Ескертеміз: Аталмыш жоба «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы тарапынан Конрад Аденауэр атындағы Қордың Орталық Азия бойынша аймақтық өкілеттігінің көмегімен ұйымдастырылып отыр. Жыл басынан бері Журналистика және блогерлер мектебі екі аумақта: март айында Ферғанада және май айында Үргеніш қаласында құрылды. Оларда 44 жергілікті журналистер мен блогерлер білімдерін жетілдірді.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.