«Ауызсумен қамтамасыз ету және кәріз суларды ағызып жіберу туралы» Заң талқыланды

    Ел назарында 28 Aprel 2022 2498

    Сенаттың жалпы жиналысында «Ауызсумен қамтамасыз ету және кәріз суларды ағызып жіберу туралы» Өзбекстан Республикасының Заңы талқыланды.

    Осы Заңмен Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету министрлігі ауызсумен қамтамасыз ету және кәріз суды ағызып жіберу саласындағы арнайы өкілетті мемлекеттік орган етіп, министрліктің жанындағы Ауызсуды пайдалануды бақылау инспекциясы және оның аумақтық инспекциялары салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган екені және олардың өкілеттері белгіленеді.

    Тұтынушыларға негізсіз саналған төлемдердің жарты мөлшерінде ауызсумен қамтамасыз ету ұйымынан өтемақы (пеня) талап ету құқығы беріледі.

    Сондай-ақ, Ауызсудан пайдалануды бақылау инспекциясы кәріз суды ағызып жіберу құбырларына ластаушы заттарды мөлшерден артықша ағызған тұлғаларға өтемақы төлемдерді өндіру құқы беріледі.

    Заңда ауызсумен қамтамасыз ету ұйымының тармақтары жоқ аумақтарға ауызсу беру, құбырлардағы және конструкциялардағы апаттар кезінде де ауызсумен қамтамасыз ету тармақтарында жөндеу-тіктеу істері жүзеге асырылып жатқанда, сондай-ақ төтенше жағдайда ауызсуды көлікпен жеткізіп беру көзделген.

    Осы Заңның өмірге енгізілуі нәтижесінде саланы тұрақты дамыту және қызметтердің сапасын арттыруға арналған әсерлі құқықтық базаның жаратылуына, тұтынушылардың ауызсу мен кәріз су құбырларына заңсыз жалғап алуы жағдайларының алдын алуға, тұтынушылар мен қызмет көррсету ұйымдары арасында ашық және тең құқықтық механизмдер енгізуге қол жеткізіледі.

    Бұл заңды да сенаторлар мақұлдады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates