Тараптар ынтымақтастық аясында Ұйымның туристік қалалары арасындағы логистикалық әлеуетті дамыту, ЭЫҰ елдерінің студенттерін Халықаралық туризм академиясы мен Жібек жолы университетінде білім алуға тарту, сондай-ақ іскер өкілдердің Өзбекстанға сапарын арттыру, тау мен қысқы туризмге маманданған біріккен жобаларды іске қосу мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Өзбекстан тарапы 2024 жылы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туризм астанасына айланған Шахрисабз қаласында ұйымдастырылатын шараларға қатысуға ұйым мен ұйымға мүше туризм бизнес өкілдерін шақырды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.