Аталған қаулымен Озық кәсіби шеберлік техникумдарын және олардың жанынан
«Кәсіптер қалашығын» ұйымдастыру мен оның қызметін жүргізу тәртібін бекіту
көзделген.
Айтуынша, ішкі және сыртқы еңбек базары үшін бәсекеге қабілетті орта буын
мамандарын даярлау мақсатында Озық кәсіби шеберлік техникумдары
ұйымдастырылады.
Бұл техникумдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес бастапқы, орта және орта
арнаулы кәсіби білім беру бағдарламалары негізінде кадрлар даярланады. Әрбір топта 20 оқушыдан білім алады және қабылдау белгіленген тәртіп бойынша
жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, білім беру үдерістері ISO, WorldSkills секілді халықаралық стандарттар
негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша ұйымдастырылады.
Қаулы жобасында Озық техникумдар мен онда қызмет атқаратын қызметкерлерді
ынталандыру мақсатында рейтингтік көрсеткіштерді енгізу де көзделген.
Бұдан бөлек, техникумдар жанынан «Кәсіптер қалашығының» қызметін жолға қою
жоспарлануда. Оның негізгі мақсаты — мектеп оқушыларын дұрыс мамандық таңдауға
бағыттау, түрлі кәсіптерге қызығушылық пен сүйіспеншілік ояту, сондай-ақ
болашақтағы білім беру бағытын саналы түрде таңдауға көмектесу.
«Кәсіптер қалашығы» келесі интерактивті аймақтардан тұрады:
ақпараттық-кеңес беру аймағы;
технологиялық аймақ;
өнеркәсіп және инженерия
аймағы;
сервис және қызмет көрсету
аймағы;
шеберлік алаңы.