– Ең алдымен, тұзды, ащы және майлы тағамдардан бас тарту керек. Құрамында қант пен кофеин бар өнімдерді тұтынуды шектеген дұрыс дейді, — Республикалық эпидемиология, микробиология, жұқпалы және паразит аурулары ғылыми-іс жүзіндік медицина орталығының директоры Ботир Тожиев. — Олардың орнына асқабақ, сәбіз, қызылша, қызанақ, пияз, сарымсақ, ас көк, сүт өнімдері, алма, цитрус жемістері, майсыз ет, балық пен бал жеген жөн.
Бұл ас мәзірлері ағзаны минералдар және витаминдермен қанықтырады, иммундық жүйені нығайтады.
Ағзаның ауруға қарсы тұру қабілетін арттыратын өнімдердің бірі – жуа. Ол ағзаға түскен микробтармен күресуге көмектеседі, рак клеткаларының өсуін тоқтатады және иммунитетті арттырады.
Сарымсақ пияз — стресстен кейін денені қалпына келтіруге көмектеседі, бауырды тазартады. Бұл қабыну және ісіктермен күресудің тамаша құралы саналады.
С дәрумені де иммундық жүйені нығайтады. Ол лимонда, итмұрын, апельсинде, тәтті балғар қалампыры мен қарақат құрамында көп мөлшерінде бар.
Зімбір (имбирь) – ағзаның ауруларға қарсы төзімділігін тез күшейтетін минералдар мен витаминдерге бай өнім.
Күніне бір шай қасық бал жеу денсаулыққа да пайдалы.
Дегенмен, аллергияға бейім және созылмалы аурулары бар адамдар бұл өнімдерді жеуден бұрын дәрігермен кеңесу керек.