Мұндай ауа райы жағдайы ауыл шаруашылығы енгіндерінің өсуі мен дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан қатты аптаптың әсерін жеңілдету үшін агротехникалық шараларды ғылыми негізде жүргізу қажет.
Осы тұрғыда Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлер мен шаруаларға бірқатар ұсыныстарды берді.
Атап айтқанда, таңғы сағат 10:00-ге дейін дала жұмыстарын жүргізу, аптап ыстықта сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмысты тоқтату, егіс алқабында жұмыс істейтіндерге күнде қалдырылған пластик бөтелкелердегі суды қолданбау, тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін жемеу айтылды.
Мақта шаруашылығында:
Мақтаның қатты ыстыққа және су тапшылығына төзімділігін арттыру үшін оны биостимуляторлармен, суспензиялармен, аммиакты селитрамен қоректендіріп, тамшылатып суару және қатар аралығына жергілікті тыңайтқыштармен қопсытқыш себу ұсынылады. Биостимуляторлармен және сұйық тыңайтқыштармен (бор, молибден, мырыш, мыс, темір, марганец, кобальт, азот, фосфор) жапырақты азықтандыру, сонымен қатар зиянкестерге қарсы күресуде арнайы препараттар қолдану қажет.
Егістік шетіндегі арық, забыр, тұт ағаштарының айналасын арамшөптерден тазартылып, ИСО 2-3% ерітіндісімен өңдеу керек. Сусебу машиналары көмегінде далада айналасында микроклимат жасап, зиянды жәндіктердің көшуіне жол бермеу маңызды.
Таңертең суарылатын жерлерде тыңайтқыштар 2-4 жапырақ кезеңінде 50 кг/га азот тыңайтқышын, бүршіктену кезеңінде 75 кг/га азот және 50 кг калий тыңайтқышын берген жөн. Түнде суару топырақтың ылғалдылығын сақтауға және судың бос булануын азайтуға көмектеседі. Интенсивті технология бойынша күтім жасалып жатқанмақта алқаптарында тамшылатып суару 3-4 сағатта 100-120 м³/га мөлшерінде тез-тез жүзеге асырылуы қажет.
Астық шаруашылығында:
Орталық және солтүстік аумақтарында астықтың ерте және кеш пісетін сұрыптары егілген алқаптарды түнде шәрбат әдісімен суару ұсынылады. Таулы және тау етегіндегі аймақтарда ауа температурасы 30°С-тан аспайтын кезде, биостимуляторлармен жапырақты қоректендіруді таңертеңгі сағат 10.00-ге дейін немесе кешке 17.00-ден кейін қолдану қажет.
Күріш шаруашылығында:
Температура 38-40 ° C-тан асқан кезде, топырақты үнемі ылғалды болуын сақтау, яғни су деңгейі шамамен 5-10 см болуы қажет. Су ресурстарын үнемдеу мақсатында рационды суару және тік құдықтар мен забыр суды пайдалану ұсынылады.
Сондай-ақ тыңайтқыш салу мен стреске төзімді заттардан пайдалану маңызды:
Силикатты тыңайтқыштар (калий-силикат) күрішті ыстыққа төзімді етеді және өсімдік жасушаларын нығайтады.
Биостимуляторлар (эпин, тсиркон, мегафол) өсімдіктердің күйзелісін азайтады.
Күрделі микротыңайтқыштар (бор, марганец, мырыш) фотосинтезді қолдайды және өсуді ынталандырады.
Көкөністерде:
Көкөністердің өсуі мен дамуы ауа-топырақ температурасына және фотосинтездің қарқындылығына байланысты. Температура 25–35°С-қа дейін көтерілгенде фотосинтез үдерісі күшейеді, бірақ 40–50°С-қа жеткенде ол толығымен тоқтайды. Қызанақ, бұрыш, баклажан, қияр сияқты ыстықты жақсы көретін өсімдіктер үшін 20–30°С температура ең қолайлы саналады, бірақ олар орта ыстыққа шыдамайды. Қауын, қарбыз, асқабақ, жүгері және бұршақ сияқты егіндер 30 градустан жоғары ассимиляцияға қол жеткізіледі, бірақ 40-45 градустан жоғары темпаретура өсуіне қолайлы орта болмайды.
Жазирама ыстықтан қорғау бойынша ұсыныстар:
Түнде суару: Өсімдікті түнде суару, ылғалдылыққа деген сұранысты толық қанағаттандыру.
Күн сәулесінен қорғау: Өсімдіктерді күн сәулесінен қорғау және жасанды салқындық жасау.
Агротехникалық шараларды дұрыс уақытында орналастыру: күн ысыған кезде шөп шабу, арамшөптерді жою сияқты жұмыстарды жүргізбеу.
Ыстық стресс жағдайында өсімдіктерді жеткілікті қоректік заттармен қамтамасыз ету маңызды. Калий, фосфор және азотпен жапырақ арқылы азықтандыру өсімдіктердің сау, тез және өнімді өсуіне көмектеседі.
Ұзақ уақытқа созылған жоғары температура жеміс-жүзім сұрыптарының өсуін және өнімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда тамшылатып суару әдісі өсімдіктер үшін ең тиімді әдіс болып табылады, өйткені ол суды дәл және тиімді бөлуге мүмкіндік береді, топырақтағы ылғал тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.
Ұсынылатын шаралар:
Тамшылатып суару: Бұл әдіс суды тиімді бөлуді қамтамасыз ету арқылы өсімдік стрессін азайтады.
Жаңбырлатып суару: Мәуелі бақшаларда жаңбырлатып суару әдісі, жердегі суды біркелкі бөлуге және минералды тыңайтқыштарды еріген түрде беруге мүмкіндік береді.
Суару уақытын белгілеу: Суаруды күннің ыстық уақытында емес, таңертең немесе кешке жүзеге асырылуы, әр 3-5 күн сайын бір топ ағашқа 15-25 литрден су беру ұсынылады.
Қосымша қорғаныс әдістері:
Шатырлар (агроталшықтар, торлар): Өсімдіктерді ультракүлгін сәулелерден қорғау және температураны төмендету үшін шатырлардан пайдалануға болады.
Минералды тыңайтқыштар: Фосфор мен калийге бай тыңайтқыштар өсімдіктің ыстыққа төзімділігін арттырады және стреске қарсы тұруға көмектеседі.
Жапырақ арқылы қоректендіру: Эпин, циркон сияқты биотыңайтқыштармен жапырақты азықтандыру өсімдіктерді стресске қарсы күшейтеді.
Жеміс жинау уақыты:
Таңертең ерте жинау: Жемістерді таңертеңгі салқын уақытта жинаған жөн.