Аптап ыстықтан денеңізді қалай қорғауға болады?

    Апатап ыстық әсіресе, жүрек- қан тамыр жүйесіне кері әсер етеді. Мұндай жағдайда адамның жүрек соғысы жиілейді, қан қысымы көтеріледі. Сондай-ақ, дене қалыпты температураны ұстап тұру үшін көбірек энергия жұмсайды.

    “Узгидрометтің” хабарлауынша, 17 июльде республиканың солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтарында 18-20 июль күндері облыстардың басым бөлігінде ауа температурасы 40-43 градусқа дейін, оңтүстік және шөлейт аймақтарда кей жерлерде 44-45 градусқа дейін көтеріледі.

    Қош, мұндай ауа райы жағдайында қандай ұсыныстарды орындау қажет?

    — Аптап ыстықта ең алдымен балалар, қарттар, жүкті әйелдер мен созылмалы дертке шалдыққан науқастар өз денсаулығына мұқият болғаны жөн, — дейді Денсаулық сақтау министрлігінің Экологиялық дипломатия бөлімінің басшысы Абдуқаюм Тухтақулов. — Өйткені мұндай ыстық ауа райына байланысты дененің терморегуляция жүйесіне ауырлық түседі.

    Бұл жалпы созылмалы аурулардың зорығуына немесе ыстыққа байланысты аурулар, атап айтқанда ағзаның жалпы әлсіздік пен өмірге қауіп төндіретін күн өтіуі себеп болуы мүмкін.

    Аптап ыстық әсіресе, жүрек- қан тамыры жүйесіне кері әсер етеді. Мұндай жағдайда адамның жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі. Дене қалыпты температураны ұстап тұру үшін де көбірек энергия жұмсайды. Нәтижесінде адам қатты терлейді. Бұл дененің сусыздану қаупін одан әрі арттырады. Сондықтан ыстық ауа райында бірқатар сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

    Біріншіден, күннің ең ыстық уақытында, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін мүмкіндігінше үйде немесе салқын жерлерде болыңыз. Бұл күн сәулелері ең күшті және қызып кету және күн соғу қаупі жоғары болған кез. Көшеге шығу керек болса, көлеңкеде серуендеп, қолшатыр қолданып, күннің салқын уақыттарына, мысалы, таңертең немесе кешке жоспарлаған дұрыс.

    Сондай-ақ үйдегі салқындықты қамтамасыз ету де өте маңызды. Мысалы, күндіз күн сәулесі түсетін жақтағы терезелерді жабық ұстаңыз, түнде ауа-райы салқындаған кезде бөлмелерді желдету үшін терезелерді ашыңыз, күннің ең ыстық уақытында газ, кір жуғыш машинасы, кептіргіш сияқты жылу шығаратын құрылғыларды пайдалануды шектеңіз.

    Сондай-ақ ыстықта дұрыс киімді таңдау да маңызды. Жеңіл, кең пішілген, тыныс алатын табиғи маталарды (мақта, жібек) киген жөн. Керісінше, синтетикалық киімдерден аулақ болу қажет. Мүмкіндігінше ашық түсті киімдерді таңдаған жөн. Өйткені олар күн сәулесін жақсы қайтарады.
    Көшеге шыққанда кең қолшатыр, қалпақ пен күннен қорғайтын көзілдірік кию өте маңызды. Басты күн сәулесінен қорғау да маңызды, өйткені мидың қызып кетуі ыстық соғуға әкелуі мүмкін.

    Күні бойы жиі салқын душ немесе ванна қабылдау дене температурасын төмендетуге көмектеседі. Дегенмен, сіз өте суық суды пайдаланудан аулақ болуыңыз керек. Өйткені, температураның кенеттен өзгеруі дене үшін стрессті тудырады, тіпті пневмонияға әкелуі мүмкін. Бөлме температурасындағы сәл салқын су - ең жақсы сол.

    Теріге, әсіресе бас пен мойынға дымқыл сүлгіні немесе шүберекті жағу да денені тиімді салқындатады.

    Сонымен қатар, ыстық ауа-райында ауыр физикалық еңбекпен немесе спортпен шұғылдану сусыздануды, шаршау және күн өту қауіпін айтарықтай деңгейде арттырады. Мұндай жағдайда жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін жүк артады, бұл дайындығы болмаған адамдарда инфарк немесе инсульт қауіпін тудырады.

    Мүмкіндігінше, кондиционері бар жабық ғимараттарда спортпен айналысқан дұрыс. Жаттығу кезінде денеңізді тыңдауды, жиі үзіліс жасау және жеткілікті сұйықтық ішу маңызды. Егер сізде бас айналу, жүрек айнуы немесе қатты әлсіздік сияқты белгілер байқалса, жаттығуды дереу тоқтату керек.

    Созылмалы аурулары (гипертония, жүрек ауруы, семіздік) бар адамдар аптап ыстықта дене шынықтырумен айналыспас бұрын дәрігермен кеңесу қажет.