Осы күндері елімізде нормадан тыс ыстық ауа райы сақталуда. Апта бойы аптап ыстық сақталады деп күтілуде.
Әрине, мұндай уақытта күннен қорғау маңызды. Әсіресеі жоғары дәрежедегі ультракүлгін сәулелері аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Республика ихтисослаштирилган аллергология ва клиник иммунология илмий-амалий тиббиёт маркази директори Илмира Разикова шу ҳақда маълумот берди.
Республикалық мамандандырылған аллергология және клиникалық иммунология ғылыми-практикалық медициналық орталығының директоры Ильмира Разикова осы туралы мәлімет берді.
— Мұндай жағдайда терінің күн сәулесіне сезімталдығы артады, — дейді маман. — Бұл фотодерматоздың дамуына әкелуі мүмкін. Яғни, ультракүлгін сәуле теріге немесе адам ағзасындағы кез келген затқа әсер етіп, аллергиялық реакция тудырады.
Фотодерматоз көкіректің үстінгі бөлігі, мойында, қолдарда көпіршіктер, қабыршу, қызыл дақтар, күйік түрінде түрлі бөртпелер, кейде терінің қышуы және ісіну үдерістері туындауы мүмкін.
Бөртпелер күн сәулесінің әсерінен алғашқы сағаттардан бастап бір апта ішінде пайда болады.
Бұл ауру белгілері әдетте, емдеуден кейін жоғалады. Дегенмен, ол созылмалы түрге де айналуы мүмкін.
Мұндай проблемаларды болдырмау үшін, ең алдымен, сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін салқын және көлеңкелі жерлерде болған жөн. Мүмкіндігінше жабық киіну мақсатқа сай.
Сезімтал теріге арналған күннен қорғайтын кремдерді қолданған жөн.
Кейбір дәрі-дәрмектер фотодерматозды тудыруы немесе ауруды күшейтуі байқалады. Сондықтан, препаратты қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығу керек немесе дәрігермен кеңесу қажет.
Сондай-ақ, Эритромицин, Тетрациклин, Стрептомицин сияқты препараттар ультракүлгін сәулелерін тарту қасиетіне ие. Бұл жақпа майларды қабылдаған немесе бетіне жағып жүрген науқастарға ыстық күндері күндіз далаға шығу ұсынылмайды.
Егер сізде фотодерматоз белгілері байқалған жағдайда Республикалық мамандандырылған аллергология және клиникалық иммунология ғылыми-практикалық медицина орталығына және оның аймақтық филиалдарына хабарласуыңызға болады.








