Ұшақта ұшудан алдын жолаушылар нені білуі қажет?

    2025 жылдың алғашқы алты айында Өзбекстанда ұшақпен ұшу кезінде 5 жолаушы қаза болды.

    Бұл туралы “Uzbekistan Airports” баспасөз қызметі хабарлады.

    Айтылуынша, өлімдердің барлығы межелі жерге жеткенге дейін, яғни ұшақ бортында болған. 2024 жылы 14 адам өлімі тіркелді, оның 11-і ұшу кезінде және 3-еуі Ташкент халықаралық әуежайының ұшып келу залында болған.

    «Жағымсыз оқиғалардың көпшілігі ұшу кезінде орын алады, сондықтан жолаушылар туындауы мүмкін болған қауіптерді алдын ала біліп, әуе тасымалына қарсы медициналық көрсеткіштерді ескеруі қажет», - деді “Uzbekistan Airports” медициналық қызметті дамыту бөлімінің басшысы Севара Салихова.

    2024 жылы Өзбекстан әуежайларында денсаулығына байланысты 46 жолаушыға ұшуға рұқсат берілмеген, 2025 жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 61-ге жеткені хабарланды.

    Ұшуға қарсы негізгі медициналық көрсеткіштер:

    • Жақында өткізілген хирургиялық операциялар;
    • Жүрек талмасы, тұрақсыз стенокардия сияқты өткір жүрек-тамыр аурулары;
    • Инсульт және басқа неврологиялық жағдайлар;
    • Пневмония, ауыр бронхиал демікпесі, пневмоторакс;
    • Тромбоэмболия, қан кету, ауыр анемия;
    • Құлақтың, мұрынның немесе көздің баротравмасы;
    • Жүктіліктің соңғы кезеңдері, әсіресе күрделі жағдайлар.

    Кейбір авиакомпаниялар дәрігердің ескертуін де талап етуі мүмкін - әсіресе тұрақсыз нақтама, оттегі немесе ауа жетпейтін, медициналық бақылауды қажет ететін жағдайда.

    Ұшу алдында жолаушыларға ұсыныстар:

    • Әуе компаниясының ресми ережелерімен танысыңыз;
    • Ауруыңыз туралы медициналық кеңес алыңыз;
    • Қажет болса, алдын ала медициналық анықтама дайындаңыз.