Ағымдағы жылдың 1 августтан бастап әуетасымалдаушы Мумбай-Ташкент-Мумбай бағыты бойынша тұрақты қатынауларды жүзеге асыруды бастайды.

Рейстер аптасына төрт рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus A320 ұшағында жүзеге асырылуы жоспарланған.

 “IndiGo”  - штаб-пәтері Үндістанның Гургаон қаласында орналасқан үнділік жекеменшік лоукостер  авиакомпаниясы. Компания тұрақты рейстер саны мен әуе кемелерінің саны бойынша елдегі ең ірі әуетасымалдаушы саналады. “IndiGo”   2023 жылдың сентябрінен бастап Дехли-Ташкент-Дехли бағыты бойынша Өзбекстанға тұрақты рейстерді жүзеге асырып келуде.

Жаңа бағыт – Мумбай, бұрын Бомбей атымен танылған Үндістанның қаржы орталығы және әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан қала орталықтарының бірі. Үндістанның батыс жағалауында Араб теңізінің бойында орналасқан қала Болливудтың жүрегі және сауда, сән, ойын-сауық орталығы болып табылады.