БҰҰ өкілдері Өзбекстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының алты негізгі органының бірі саналатын экономикалық және ғылыми кеңеске (ECOSOS) мүше екенін атап өтті. Бұл ұйымға мүше болу Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық салаларындағы проблемаларды шешуде ең озық халықаралық ғылым-білім мен технология бойынша тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, жасыл технологияларды кеңінен енгізу, қауіпсіз су және санитариямен қамтамасыз етуде озық инновациялық технологияларды енгізу және сала мамандарының біліктілігін арттыруда ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Келіссөздер барысында Сауда және даму конференцияның көмегімен ауыл шаруашылығына спутниктік технологияларды енгізу, логистикалық жүйесін жетілдіру мен технопарктерді басқару бойынша бірлеске жобаларды жүзеге асыру және кадрларды даярлау бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.