Айтылған ұсыныстар негізінде сенаторлар тиісті министрліктер мен кеңселер және жергілікті кеңестердің тұрақты комиссияларымен бірлесіп, Заңның нәтижелі орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасын» дайындады.
«Жол картасы» трансплантацияның үдерісін сапалы жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық құжаттарды әзірлеу, осы қызметті халыққа түсіндіру және барлық өңірлердегі бүйрек трансплантациясы тәжірибесін жолға қою, тиісті мемлекеттік медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту және жоғары білікті медициналық кадрларды даярлау бағыттарын қамтиды.
Заң қабылданғаннан кейін «Жол картасында» белгіленген тапсырмалардың орындалуы жер-жерлерде сенаторлардың тұрақты бақылауында болады.
Бұл заңның қабылдануымен саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге, халықты құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты қолданыстағы заңдылық негіздерімен толықтыруға мүмкіндік жасалады.
Сондай-ақ Заң науқастану және адам ағзасындағы қайтарып болмайтын үдерістеге орай өлімге әкелетін жағдайларды азайтуға қызмет етеді.
Заңды сенаторлар мақұлдады.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.