Оған Сенат мүшелері, Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесі, халық депутаттары облыстар мен Ташкент қаласы Кеңестері тұрақты комиссияларының төрағалары, Комитет құзырындағы сараптамалық топтың мүшелері, тиісті министрліктер мен кеңселердің жауаптылары сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мәжілісте Сенаттың кезектегі жалпы мәжілісінде талқыланатын мәселелер бірінші қаралды. Атап айтқанда, Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілінің (омбудсман) есеп беруі талқыланды.
Омбудсан мен оның өкілі аймақтық өкілдер тарапынан 9 негізгі сала бойынша жұмыстардың атқарылғаны атап өтілді.
Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін қарау, заңнаманы және нормативтік-құқықтық құжаттарды жетілдіру және адам құқықтарын қадағалау бойынша мониторинг жүргізу, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлерінің алдын алу, аймақ өкілдерінің қызметі, бала құқықтары жөніндегі өкілінің қызметі, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыру, Омбудсманның кеңсеаралық органдардағы қызметі, сондай-ақ қызметінің ашықтығы және жариялылығы, адам құқықтары мен еркінгін қорғау саласында халықаралық ынтымақтастық жасау салаларында бірқатар істер жүзеге асырылды.
Сонымен қатар сенаторлар тарапынан омбудсманға келіп түскен әлеуметтік, экономикалық және экологиялық құқықтармен байланысты өтініштер өткен жылмен салыстырғанда азайған болса да, азаматтардың жеке құқығымен, еркіндігімен және саяси құқықтарымен байланысты өтініштер санының артқаны айтылды.
Бұдан тыс, өтініштердің толық, бейтарап қаралуының және өтініш авторларына жауап хаттардың өз уақытында келмеуі нәтижесінде есепті кезеңде қайталанған өтініштер саны 4655 немесе 25%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейгені сынға алынды.
Омбудсманның тұрғындардың өтінішімен істеуде өткен жылдағы қызметіне қарағанда жақсы өзгерістерге қол жеткізген болса да, есеп беру кезінде келіп түскен 208 аноним өтініштер көтерілген мәселелерді Өкіл бастамасымен қарау тәжірибесі жолға қойылмағаны айтылды.
2021 жылы Омбудсман тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберген жалпы 94 әсер ететін шарасының (қорытындылар, ұсыныстар мен шағым арызы) 58-і (61%) қанағаттандырылған.
Омбудсман тарапынан азаматтардың бұзылған құқықтарын тіктеу туралы тиісті мемлекеттік органдары мен ұйымдарға негізді әсерлі шаралар енгізу тапсырмалары берілді.
Аталған мәселе бойынша Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.