Жиынға минстрліктер мен кеңселердің, сала бірлестіктері және Қарақалпақстан Республикасының, облыстар мен Ташкент қаласының жергілікті билік басшылары қатысты.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес, биылғы кезеңде жергіліктендіру бағдарламасы аясында 24,3 триллион сум импорт орнын басатын өнімдер өндірілгені айтылды. Электронды кооперация порталы арқылы 7,9 триллион сумдық 36,6 мың ынтымақтастық келісімшартына қол қойылып, бүгінде оның аясында 3,7 триллион сумдық өнім толық жеткізіп берілді.
Қарақалпақстан Республикасы, Жызақ, Сырдария, Самарқант, Сұрхандария, Наманган, Ферғана, Әндіжан және Хорезм облыстарында өткен аймақтық салааралық өнеркәсіп жәрмеңкелерінде 2,8 триллион сумлық 6,3 мың келісімшартқа қол қойылып, 220-ға жуық техникалық ынтымақтастық меморандумына да қол қойылды.
Бұл ретте, жергiлiктiлi бағдарламаны iске асыру, елімізде аналогтары өндіріліп жатқан өнімдер импортын қысқарту, электрондық кооперация порталы арқылы жасалған келiсiмшарттардың талаптарын орындау, сондай-ақ ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында импортқа байланыстылық деңгейiн төмендету бойынша өзекті мәселелер сындарлы түрде талқыланды.
Сала бірлестіктер мен жергілікті атқарушы органдардың жауапты басшылары жоғарыда аталған барлық бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар мен жақын және орта мерзімді болашақтағы жоспарлары туралы жан-жақты есеп берді. Оларға кемшіліктерді жою және жергіліктендіру бағдарламасын жүзеге асыру, 2023-2024 жылдары салалар мен аумақтар кестесінде импорттың орнын басатын өнімнің жаңа түрлерін өндіруді көздейтін жергіліктендіру бағдарламасын әзірлеу бойынша тапсырмалар берілді.
Айрықша тәртіпте ағымдағы жылдың ноябрь айында Ташкент қаласында Республикалық салааралық өнеркәсіп жәрмеңкесін ұйымдастыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.