Президентке әлеуметтік және діни салалардағы жұмыстар туралы ақпарат берілді

    Мемлекет басшысына әлеуметтік ахуалды нығайту және діни ағартушылықты дамыту бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    Өзбекстан – құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет. Конституциямызға сәйкес, барлық азаматтардың ар-ождан бостандығы кепілдендірілген. Бүгінгі таңда елде ұлтаралық татулық пен діни төзімділік ахуалы қалыптасқан. Барлық дін өкілдері өз ғибадаттарын еркін орындай алады.

    Соңғы бес жылда діни-ағартушылық саласына қатысты 3 заң, 4 Президент Жарлығы және көптеген қаулы қабылданды. Жиналыста бұл құжаттардың дін өкілдеріне тиімді қызмет етіп жатқаны атап өтілді.

    Атап айтқанда, елдегі мұсылмандар үшін жағдайды жақсарту мақсатында 100-ден астам мешіт салынды, 555 мешіт жөндеуден өтті. Діни ұйымдар үшін ғимараттар салуға жер беру тәртібі енгізілді.

    Қажылық квотасы екі есе ұлғайтылды. Кейінгі жеті жылда 60 мыңнан астам отандасымыз қажылық парызын өтеді. Ұмра сапарларын ұйымдастыру заңды түрде реттелді.

    Салада біліктілік пен білімге ерекше назар аударылуда. Президент бастамасымен құрылған Имам Бұхари, Имам Термези және Имам Матуриди халықаралық орталықтары мен Өзбекстан халықаралық ислам академиясы ғылыми зерттеулерге жол ашты. Ташкент ислам институты, Мір Араб жоғары медресесі, Хадис ғылымы мектебі және Имам Термези орта арнаулы білім беру мекемесінде білікті мамандар дайындалуда. Сонымен қатар, 30 мың азамат «Құран Кәрім және тәжуид» курстарын аяқтады.

    Зираттарды абаттандыру игілікті іс ретінде қолға алынды. Соңғы жылдары Әбу Иса Термези, Әбу Муин Насафи, Султан Увайс Қарани, Сузук ата ескерткіш кешендері қалпына келтірілді. Имам Бұхари ескерткіш кешені мен Ислам өркениеті орталығында құрылыс жұмыстары жалғасуда. «Вақф» қайырымдылық қоғамдық қорының қолдауымен 90-нан астам зиярат орны жөнделіп, абаттандырылды.

    Ислам ағартушылығын кеңінен тарату және тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық байланыстар да дамып келеді. Биыл елімізде «Ислам – ізгілік пен бейбітшілік діні» және «Имам Термези ғылыми мұрасының ислам өркениетіндегі орны» тақырыптарында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен апталық өтті.

    Белгілі болғандай, қазіргі уақытта киберкеңістіктегі қауіп-қатерлер күшеюде. Шекара мен заңды мойындамайтын интернет арқылы радикалды идеялар таралуда. Нәтижесінде, халықтың әлсіз табы, әсіресе жастар, заңсыз топтардың ықпалына түсіп жатқаны өкінішті. Бұл мәселеге қоғам болып назар аударып, дінтанушылар мен ақсақалдар дұрыс жол көрсетулері қажет.

    Қоқан және Марғилан қалаларының тәжірибесіне сүйене отырып, махаллаларда «Ақсақалдар мен ата-аналар кеңестері» құрылды. Еліміздің қажыларының «Жаңа Өзбекстанның жанашыры болып, рухани тәрбиешіге айналамыз» деген бастамасы да әлеуметтік жағдайды жақсартуға оң қадам болды.

    Осы игі істерді жалғастырып, махаллаларда рухани ортаны нығайту, жастарды білім мен кәсіпке баулу маңызды екені айтылды. Тиісті тұлғаларға әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды қоғамға бейімдеу және жұмыспен қамту бойынша тапсырмалар берілді. Елдегі діни төзімділік пен ұлтаралық татулыққа үнемі көңіл бөлініп отыратыны атап өтілді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates