Испаниямен сауда-экономикалық ынтымақтастық байланыс дамиды

    Бизнес 20 Fevral 2023 1642

    Үстіміздегі жылдың 17 февралінде Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасында Испания елшілігінің Сауда атташесі Хуан-Мигель Маркес басшылығындағы делегация өкілдерімен кездесу өтті.

    Кездесу барысында Өзбекстан —Испания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық байланысты дамыту мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, Испания — Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың ағымдағы жағдайы мен алдағы уақытта өзара ынтымақтастық байланысты дамыту, үстіміздегі жылдың март айында Ташкент қаласында екі елдің іскер топтарының қатысуымен Өзбек-Испан Бизнес-форумы мен B2B форматындағы кездесулерді ұйымдастыру, осы шараларға Испания мен Өзбекстанда жетекші компанияларды тарту мәселелері қаралды.

    Шарада алдағы біріккен бизнес-форум аясында екі елдің іскер топтары арасында ынтымақтастық байланыстарды жолға қоюда азық-түлік, тоқымашылық, былғары-аяқ киім, ауыл шаруашылығы, су және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану технологиялары, туризм және ақпарат технологиялары салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру және қосымша жобаларды жүзеге асыруға көбірек көңіл бөлуге келісілді, деп хабарлайды Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates