Стамбулда өзбек тілінің онлайн-курстарының алғашқы ашық сабағы өтті

    Стамбул қаласындағы «Түркістандықтардың мәдени және әлеуметтік ынтымақтастық қоғамының» қолдауымен Түркияда тұратын этникалық өзбектер мен өзбек тілін үйренуге ынталы түрік азаматтары үшін «ZOOM» платформасы арқылы кезектегі «Өзбек тілі мен мәдениеті» онлайн-курстары ұйымдастырылып, алғашқы ашық сабақ өткізілді.

    Бейнеконференцияға 25 адам қатысты. Олардың қатарында «Түркістандықтардың мәдени және әлеуметтік ынтымақтастығы қоғамының» төрағасы Акбар Ясса, Өзбекстанның Адана қаласындағы құрметті консулы Илкер Медени, «Түркістандықтардың мәдени және әлеуметтік ынтымақтастық қоғамының» Адана қаласындағы төрағасы Осман Бег, Бурса облысындағы Усмонғози ауданы әкімдігінің орынбасары Джем Куршад Хасаноглу және өзбек диаспорасының өкілдері қатысты.

    Шараны кіріспе сөзбен ашқан Бас консул Амирсаид Аъзамхужаев тілдің адамзаттың дамуындағы орны, әсіресе, өзбек тілінің түркі тілдер ішінде қаншалықты бай әрі тартымды екеніне назар аударды. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың 2020 жылдың 23 сентябрі күні өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында тәуелсіз Өзбекстан тарихында тұңғыш рет мемлекеттік тіл – өзбек тілінде баяндама жасағаны және бұл тек Өзбекстанда ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтар тарапынан лайықты қарсы алғаны айрықша атап өтілді.

    «Түркістандықтардың мәдени және әлеуметтік ынтымақтастығы қоғамының» төрағасы Акбар Ясса өз сөзінде «Тіл – тек қатынас құралы ғана емес, ұлттың тарихы, мәдениеті, жады. Бұл өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жеткізетін құрал», — деді.

    Қытайдан Балқан өңіріне дейінгі географиялық кеңістікте даңқты тарих жазып, бай мәдени мұра қалдырған түркі халықтарының бүгінгі күнде болуы тілімізге тікелей байланысты. Сондықтан оны бағалай білу, көздің қарашығындай сақтау, әрі қарай дамыту біздің қасиетті борышымыз екені баса айтылды. Осындай жобалар арқылы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға өзбек тілі мен мәдениетіміз берік көпір болатыны айтылды.

    Сонымен қатар, Өзбекстанның «түрік әлеміндегі» ұстанған орны мен маңызы, Орталық Азиядағы тату көршілік саясаты да жан-жақты талқыланды.

    Осы ретте өзбек тілін үйренгісі келетін жаңа топ құрылып, оның қатысушыларына жетілдірілген бағдарлама негізінде сабақтар өткізу жоспарлануда.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates