Дүниежүзілік банк Ауыл шаруашылығын жаңғыртуда ынтымақтастық жасамақ

    Агросектор 15 Aprel 2022 1724

    2022 жылдың 13 апрелінде Ауыл шаруашылығы министрлігінде министр орынбасары, «Агроөнеркәсіпті цифрландыру орталығы» мемлекетік мекемеcінің және Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен «Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығын жаңғырту» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

    Кездесуге Ауыл шаруашылығы министрдің орынбасары Қахрамон Юлдашев, «Агроөнеркәсіпті цифрландыру орталығының» мемлекеттік мекеменің директоры Саидагзам Алимов, Дүниежүзілік банктің бас экономисі Сергей Зоря, сарапшы Санжар Бабаев және «BePro Programmers Center» ЖШҚ Сәулеткерлік компаниясының, министрліктің жауапты өкілдері, ғылым-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

    Ауыл шаруашылығын цифрландыру жүйесінің Концепциясында жер ресурстарын басқару саласында егін түрлері идентификациясы, өнімді болжау; су ресурстарын басқару және ирригацияның тиімділігін анықтау; агроөнеркәсіптік кешеннің қаржылық ресурстарын басқару сияқты бағыттарды жүзеге асыру белгіленген.

    «Цифрлық ауыл шаруашылығы» бірыңғай интеграцияланған платформасын әлемнің озық тәжірибесіне сәйкес жасау шараларына Дүниежүзілік банктің «Ауыл шаруашылығын жаңғырту» жобасы аясында бастапқыда жалпы 20 миллион доллар, содан жер басқару жүйесі үшін 8,2 миллион доллар, техникамен қамтуға, құрал жабдықтарды сатып алуға және инфрақұрылымды жасауға 6,8 миллион доллар және су ресурстарын басқару жүйесіне 5 миллион долларды бағыттауға келісті.

    Айта кету керек, Дүниежүзілік банк ұсынылған материалдар мен сәулеткерлік жұмысын талап деңгейінде екенін мақұлдады.

    Қазіргі уақытта компания Агроөнеркәсіпті цифрландыру орталығымен ынтымақтастықта «Цифрлық ауыл шаруашылығының бірыңғай интеграцияланған платформасын жарату» жобасы бойынша агроөнеркәсіп кешеніне қарасты 35 министрліктің, кеңселер мен министрліктің жүйесіндегі 14 ұйымның цифрлық инфрақұрылымы, ақпараттық жүйелері, бизнес-үдерістері үйренілді.

    Айта кету керек, Дүниежүзілік банк Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Агроөнеркәсіпті цифрландыру орталығы» мемлекеттік мекемесінің және «Архитектор» компаниясының атқарған жұмыстары мен материалдарын жоғары деңгейде екенін айрықша атап өтті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates