Бүгін, 23 мартта Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты төрағасының бірінші орынбасары, Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің ректоры Содик Сафоев Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас директорының орынбасары Сянчэнь Чжанмен кездесті. Кездесу барысында С.Сафоев соңғы кездерде Өзбекстан Республикасы Президенті  Ш.Мирзияевтың басшылығымен еліміздегі жүргізілген өзгерістер, атап айтқанда, бизнесті қолдауға, сауда-экономикалық үдерістерді одан әрі жандандыруға, шетелдік инвесторларды тартуға жасалған жағдайға тоқталды.

Сонымен қатар ДЭДУ-ның халықаралық ынтымақтастық барысындағы жұмысына, университетте жасалған мүмкіндіктерге және білім беру мекемесінің «WTO Chairs Program»  бағдарламасындағы қатысуына да баса назар аударылды.

Осы орайда С.Чжан Өзбекстан Республикасына келген сапары барысында ұйымдастырылған аталмыш кездесуге өте риза екенін айтып, Дүниежүзілік экономика және дипломатия университет тарапынан білдірілген ұсыныстар ДСҰ-ның мақұлданғанымен, осыған орай университет үстіміздегі жылы таңдалған 17 кафедраның бір статусына қол жеткізгенімен құттықтады.

Сондай-ақ, аталмыш грант аясында ДСҰ және университет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.

Содан соң  С.Чжан университетте құрылған заңды клиниканың қызметімен жақыннан танысып, профессор-оқытушылармен және студенттермен әңгімелесті.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.