Қоғамда әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға бағытталған дөңгелек үстел сұхбаты өтті

    Ел назарында 25 Oktabr 2022 1315

    Кеше Инновациялық даму министрлігінде дөңгелек үстел сұхбаты өтті. Оған Сенаттың Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің мүшелері, тиісті министрліктер мен кеңселердің жауаптылары, саяси партиялардың әйелдер мәселелері бойынша жауапты өкілдері, жергілікті Кеңестердің депутат әйелдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

    Дөңгелек үстел сұхбатында негізгі назар әйелдердің саяси үдерістерге қатысуы, гендерлік теңдік саласындағы ұлттық заңдылық, Әйелдерді кемсітудің барлық түрлеріне шек қою туралы конвенция, Пекин әрекеттер платформасы мен тұрақты даму мақсаттарын қамтыған халықаралық және ұлттық жауапкершіліктің маңыздылығын жұртшылыққа түсіндіруге қаратылды.

    Атап өткендей, бүгінде гендерлік теңдік мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен бірге, гендерлік теңдік — бұл адамның қадір-қасиетіне, еркіндігі мен мүдделеріне кепілдік беру, жаһандық көлемде елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі талаптары мен алғышарттарының бірі болып табылады.

    Өзбекстанда гендерлік теңдік пен гендерлікке қатысты сезімтал институттардың құрылуы, осыған байланысты мықты нормативтік-құқықтық құжаттардың қабылдануы осы саладағы реформалардың нәтижесі.

    Шарада Гендерлік стратегияны іске асырудың үстем бағыттары, сондай-ақ сайлау құқықтарын жүзеге асыруда әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы саяси партиялар өкілдерінің тұсаукесерлері өтті.

    Өз кезегінде, саяси партиялардың өкілдері қоғамда әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға бағытталған гендерлік зерттеулерін жүзеге асыруда және сайлау үдерісінде әйел кандидаттарды қолдап-қуаттау үдерісінде туындаған мәселелерді жүйелі түрде зерттеуге және жоюға көңіл бөлуге, өкілетті органдарда қызмет ететін депутат әйелдердің белсенділігін тұрақты үйренуге, оң тәжірибені кеңінен бұқараландыруға сондай-ақ оларды ынталандыруға бағытталған кешенді іс-шараларды жасау бойынша ұсыныстар алға тартылды.

    Дөңгелек үстел сұхбатының соңында қоғамда әйелдердің толық және нәтижелі қатысуын, барлық деңгейде жетекшілік үшін тең мүмкіндіктермен қамтудағы міндеттерден келіп шығып саяси партиялардағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдердің саяси партиялардағы қызметін қолдап-қуаттауға бағытталған ұсыныстар қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates