Қоғамдық көлік қозғалысы туралы ақпарат тарататын арнайы портал іске қосылады

    Бірыңғай порталға енгізілген цифрлық қызметтер мен сервистердің кемінде 75 пайызы мобильді қосымша арқылы көрсетілуі жолға қойылады.

    «БҰҰ-ның «Электрондық үкімет зерттеулері» есебінде Өзбекстан Республикасының рейтингін жақсартуға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-308, 14.09.2023 ж.) қабылданды.

    Қаулығы орай, 2024 жылдың 1 июлінен бастап жаңа цифрлық қызметтер мен сервистер, ереже ретінде, бірінші кезекте Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталының мобильді қосымшасына енгізіледі.

    2024 жылдың соңына дейін:

    — Бірыңғай порталда көрсетілетін қызметтердің саны 700-ге дейін, ал олардың автоматтандыру деңгейі 65%-ға дейін жеткізіледі;

    — Бірыңғай порталға енгізілген цифрлық қызметтер мен сервистердің кемінде 75 пайызы мобильді қосымша арқылы көрсетіледі.

    Сондай-ақ төмендегі арнайы порталдар іске қосылады:

    — 2024 жылдың 1 январьдан бастап цифрлық үкімет жүйесі және оның тұрғындар мен кәсіпкерлерге ұсынылатын мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беру;

    — 2024 жылғы 1 июннен бастап республика аумағындағы жасыл аумақ, бақтар және қоғамдық саябақтар туралы ақпарат беруші;

    — 2024 жылдың 1 сентябрьден бастап Ташкент қаласының қоғамдық көліктерінің қозғалысы туралы ақпарат беруші.

    Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметтері бойынша тұрғындардың шақыруларын қабылдау және оны жылдам түрде қайта істеу бойынша “112” бірыңғай орталықтандырылған диспетчерлік қызметін республиканың барлық аумақтарында кезең-кезеңімен ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжат жобасы әзірленетін болады.

    2023 жылдың 1 ноябрінен бастап «соңғы миля» қағидаты негізінде кәсіпкерлермен ынтымақтастықта тұрғындардың үйіне кең жолақты Интернет желілерін жүргізуге қаратылған ынтымақтастық бағдарламасы жүрзеге асырылады.

    2024 жылдың соңына дейін магистральдық телекоммуникация желісі мен тұрғындар жасайтын елді мекендерде қосымша 50 мың шақырым оптик талшықты байланыс желілері салынады.