Шараға ДСҰ-ға мүше елдердің және бақылаушы мемлекеттердің сауда министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысуда.
Ағымдағы жылдың 12 июнінде бағдарлама аясында ашылу рәсімі және жалпы мәжіліс өтті. Осы шараларда көпжақты сауда жүйесінің өзекті мәселелері, сонымен қатар коронавирус пандемиясының салдарына қарсы күресу, түрлі COVID-19 штаммдарына қарсы вакциналар жасауда Интеллектуалдық меншік құқықтарының саудамен байланысты жақтары туралы келісімнің ережелерін (ИМҚСЖ) қолданудан бас тарту, ауыл шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығы субсидияларын оңтайландыру, ДСҰ қызметін реформалау, тағы басқа да мәселелер талқыланды.
Министрлер конференциясындағы онлайн сөзінде Премьер-министрдің орынбасары-инвестициялар және сыртқы сауда министрі С. Умирзаков ДСҰ-ның коронавирус пандемиясының салдарына қарсы күресудегі, азық-түлік дағдарысын шешудегі, ауыл шаруашылығын дамытудағы және көпжақты сауданы нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы аясында Өзбекстан сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде ДСҰ-ға мүше болуының түгелдей үстемдігі атап өтілді.
Сонымен қатар Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу үдерісін, атап айтқанда, ағымдағы жылғы 21-22 июнь күндері өтетін Ұйымның Жұмысшы топының 5-ші жәжілісінде белсенді түрде ілгерілетуге дайын екендігі айтылды.
Сондай-ақ Министрлер конференциясы аясында Өзбекстанның төрағалығымен ДСҰ-ға кіретін елдердің бейресми топтардың (IGAG) делегация басшылары – министрлер дәрежесіндегі кезектегі мәжілісі өтті. Кездесу барысында Ұйымға мүше болып жатқан елдердің өзекті мәселелері талқыланды. Ұйымға мүше болу бойынша келіссөздер үдерісінде үміткер елдердің алдында тұрған негізгі проблемалар мен міндеттерді шешу бойынша жинақтаған іс жүзіндік тәжірибе мен пікір алмасты, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәлімет үшін: Министрлер конференциясы ДСҰ-ның жоғары органы саналады. Министрлер конференциясының жиналыстары 1994 жылғы 15 апрельдегі “Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің” 4-бабына сәйкес әр екі жылда немесе одан да көп уақыт барысында өткізіледі. Бүгінгі күнге дейін 11 конференция өткізілді.