Биыл жалпы қуаты 1474 мВт болатын 7 жаңа электр станциясы іске қосылды

    Энергия 25 Noyabr 2022 1142

    Ағымдағы жылдың январь-ноябрь айларында елімізде жалпы қуаты 1374 мегаватт болған 6 жылу электрлік және қуаты 100 мегаватт болған 1 күн фотоэлектр станциясы іске қосылды.

    — Бұхара облысының Бұхара ауданындағы қуаты 270 мегаватт болған газ-поршеньді ЖЭС;

    — Ташкент облысының Қыбырай ауданындағы қуаты 240 мегаватт болған бу-газ қондырғысы;

    — Хорезм облысының Янгиарық ауданында қуаты 174 мегаватт болған жаңа жылу электр станциясы;

    — Ташкент облысының Қыбырай ауданындағы қуаты 230 мегаватт болған газ-поршеньді жылу электр станциясы;

    — Ташкент облысының Қыбырай ауданында қуаттылығы 240 мегаватт болған заманалық жылу электр станциясы;

    — Самарқант облысының Нұрабад ауданындағы қуаты 100 мегаватт болған күн фотоэлектр станциясы;

    — Сырдария облысының Хауас ауданында қуаты 220 мегаватт болған жаңа жылу электр станциясы іске қосылды.

    Осы 7 электр станциясы жылына 11 миллиард 300 миллион киловатт-сағатына электр энергиясын өндіреді. Құрылғылардың энергия тиімділігінің арқасында жылына 1 миллиард 503 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді.

    Станцияларды салу кезінде 3960 жұмыс орны ашылған болса, оларды пайдалануға беру нәтижесінде 545 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates