Келесі оқу жылынан бастап барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілуі мүмкін

    Ел назарында 7 Fevral 2023 6153

    Президенттің « 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын “Адамға қамқорлық және сапалы білім жылында” жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы мен Мемлекеттік бағдарламаның жобасы жұртшылық талқылауына қойылды.

    Құжатқа сәйкес:

    - 2023/2024 оқу жылынан бастап республиканың барлық облыстары мен Ташкент қаласында бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырумен қамтамасыз ету жолға қойылады;

    - 2023 жылдың 1 апрелінен бастап 27 кәсiптiк бiлiм беру мекемелері оқытушыларының айлық жалақысы 20%-ға арттырылып, орташа есеппен 3 миллион сумға тең болады;

    - 2023 жылдың 1 июлінен бастап республиканың барлық елді мекендерінде көліктер қозғалуының ең жоғары жылдамдығы сағатына 70-км-ден 60 км-ге дейін төмендетіледі;

    - кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық қорғауды одан әрі күшейту және олардың жауапкершілігін ырықтандыру мақсатында 2023 жылғы 1 марттан бастап кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа түрдегі жауапкершілік және шараларды енгізуге бір жылдық мораторий орнатылады;

    - 2023 жылы 53 «Жаңа Өзбекстан» массивтері мен 161 басқа массивтерде, сонымен қатар жеке мердігерлік ұйымдар тарапынан жаңа тұрғын үй құрудың жылдық көлемі 2 есеге ұлғайып, 90 мыңға жеткізіледі;

    - 26 мың азаматқа базар қағидаттарына негізделген ипотекалық несиелер беруге, сондай-ақ 11 мың азаматқа бастапқы жарна мен пайыздық төлемдердің бір бөлігін қаптау үшін субсидиялауға Мемлекеттік бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінеді;

    – 2023 жылы жұртшылықтың пікірі негізінде қалыптастырылған жобаларды қаржыландыруға Мемлекет бюджетінен 8 триллион сум, оның 4 триллион сумы «Абат ауыл» және «Абат махалла» бағдарламаларына бөлінетін болады;

    - 2023 жылдың 1 июлінен бастап, «Махалла бюджеті» жүйесін барлық аудандар мен қалаларға енгізу арқылы махаллаларға өз проблемаларын тәуелсіз шешу, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 800 миллиард сумға дейін қаражат бағытталады;

    - қуаттылығы 20 кВт және одан төмен болған күн, жел және биогаз электр станцияларын төмен (0,23-0,4 кВ) кернеулі электр желілерге қосу үшін техникалық шарттар талап етілмейтіні белгіленуде;

    – 2023 жылдың 1 сентябрінен бастап бюджеттік ұйымдар күн панельдері мен ыстық су коллекторларын орнатуға міндеттеліп, 2026 жылға дейін олардың ғимараттарының энергия тұтынуының 60 пайызы «жасыл энергияға» кезең-кезеңімен көшірілетін болады.

    Жұртшылықтың талқылауы 17 февральға дейін жалғасады.