Атап өтілгендей, Бағдарламада көзделген тапсырмалардың 215-ін ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында орындау жоспарланған, соның ішінде 137 тармақ пен шағын тармақ толығымен орындалды. Есеп беру кезеңде 153 нормативтік-құқықтық, тағы басқа да құжаттар қабылданды.
Үкімет тарапынан дер кезінде қаралған шаралардың нәтижесінде жалпы ішкі өнім көрсеткіші өткен жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 105,4 пайызды құрады.
Инвестициялық бағдарлама аясында 157,5 миллион доллар қаржы игерілсе, жергіліктендіру бағдарламасы аясында 28 түрдегі 3 триллион 940,2 миллиард сумның өнімі өндірілді.
Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 4,5 миллиард долларлық шетел инвестициясы игеріліп, болжамдық көрсеткіштер 117 пайызға орындалды.
Республика бойынша жалпы 6,9 миллиард доллардың тауарлары мен қызметтері экспортталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 128 пайызды құрады.
Қызмет көрсету саласында жалпы 756 мың жаңа жұмыс орны (жылдық жоспармен салыстырғанда 49 пайыз) ашылды.
Азық-түлік өнеркәсібін дамыту бойынша бағдарламаның орындалуына байланысты 21,7 триллион сумның өнiмi өндiрiлiп, өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 112,9 пайызға орындалды.
29 «Жаңа Өзбекстан» массивтеріндегі 21 312 пәтерлі 619 көпқабатты үйдің 397-інде құрылыс жұмыстары басталды.
Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 76 отбасылық дәрігерлік пункт, 20 отбасылық емхана және 505 махалла медициналық пункттерін құру нәтижесінде 1,8 миллион тұрғынға біріншілікті медициналық-санитарлық қызметі жолға қойылған.
Сондай-ақ, еліміздегі 40 жастан асқан 10 миллион 304 мың адамның 4 миллион 387 мыңға жуығы медициналық тексеруден өткізілген.
Бұл ретте мәжілісте сенаторлар Бағдарламаны жүзеге асырудағы кейбір кемшіліктерге де тоқталды.
Бағдарламада мерзімі өтіп кеткен 63 тармақтың орындалуы бойынша әзірленген нормативтік-құқықтық құжаттардың жобалары күні бүгінге дейін қабылданбаған. Ал бұл осы тармақтарда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негіздерінің жоқтығына, сондықтан олардың орындалуы қамтамасыз етілмейтініне әкелуде.
Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы патрульдік қызметін сапа жағынан жаңа деңгейге көтеру, тоқымашылық өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемін 2 есеге арттыру, дәрілік өсімдіктерді қайта өңдеу негізінде 17 түрдегі субстанциялар және биологиялық белсенді заттарды өндіруді жолға қою бағдарламасын қабылдау, үстіміздегі жылы тұрғындарға ақпараттық-кітапхана қызмет көрсетуді одан әрі дамыту, сондай-ақ салада бірыңғай басқару жүйесін енгізу туралы нормативтік-құқықтық құжаттардың жобалары бүгінгі күнге дейін бекітілмеген.
Талқылау соңында аталған мәселе бойынша Сенаттың тиісті қаулысы қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.