Айтуларынша, Өзбекстанның басым бөлігінде 9-11 январь күндері жауын-шашын (жаңбыр, қар) байқалады. Тау бөктерінде және таулы аймақтарда қар жауады, кей жерлерде қатты болады.

9-10 январда кей жерлерде жел 15-20 м/с-ге дейін күшеюі мүмкін.

10-15 январьда республика бойынша аномальды суық ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде -12-17 градусқа дейін, күндіз -5-8 градусқа дейін;

солтүстікте түнде -17-22 градус аяз, Үстіртте және шөлді аймақтарда кей жерлерде -25-27 градус аяз, күндіз 7-10 градусқа дейін аяз;

оңтүстігінде және Ферғана өңірінде түнде -5-10 аяз, күндіз -2-5 градус аязға дейін төмендейді.

Кей жерлерде жолдар тайғақ болады.